Әлемнен оқшауланып қалған Солтүстік Кореядағы Ресейдің жоспары...
Әлемнен оқшауланып қалған Солтүстік Кореядағы Ресейдің жоспары...
6 жыл бұрын 5167 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясы билігі ядролық бағдарламасы мен құрлықаралық зымырандары үшін әлемнен оқшауланып, санкция астында қалған Солтүстік Кореяда ауқымды жобасын жүзеге асыруға бел байлап отыр. Нақтырақ айтқанда, Ресей Федерациясы мен Солтүстік Кореяның арасын бөліп жатқан Тұманды өзені үстінен көпір салмақ. Бұл өз кезегінде екі елдің арасын жақындата түседі. Бұл жобаны РФ билігі АҚШ бастаған батыс елдерінің шамына тию үшін қолға алып отыр десе де болады. Бұл жайында The Washington Post ақпарат көзі хабар таратты. Аталған ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, қазіргі уақытта Солтүстік кореядағы ресейлік өкілдер бұл жобаны кәрістермен бірігіп талқылап жатыр. Десе де аталған екі елдің арасын өткен ғасырдың орта шенінде, дәлірегі, 1959 жылы ашылған, «Достық көпірі» деп аталатын теміржол жалғап жатыр. Ал жаңа көпір автокөлік қатынасына арналған, бұл көпір тек Қытай аумағы арқылы өтетін автокөлік жолынан құтқарады. Сарапшылардың айтуынша, бұл көпірдің экономикалық тұрғыдан еш пайдасы жоқ.

0 пікір
Мұрағат