Әлемдегі зорлық-зомбылықтан негізінен мұсылмандар жапа шегіп отыр
Әлемдегі зорлық-зомбылықтан негізінен мұсылмандар жапа шегіп отыр
8 жыл бұрын 2538

«Human Security Report»  халықаралық ұйымының мәліметінше, азаматтық соғыстың көбісі мұсылман елдерінде болып жатыр және әлем бойынша зорлық-зомбылықтардан ең алдымен мұсылмандар жапа шегуде. Аталмыш ұйымның келтірген дерегіне қарағанда, 2012 жылы алты бірдей азаматтық соғыс болған және олардың бәрі мұсылман елдерінде орын алған, атап айтқанда, Ауғанстанда, Сирияда, Пәкістанда, Суданда, Сомалиде, және Йеменде. Соңғы үш жылдың ішінде азаматтық соғыстан опат болғандардың 90 пайызынан жоғарысы – мұсылмандар. Нақтырақ айтқанда, Сирия, Ауғанстан және Ирак мұсылмандары құрайды. Бұл әлем халқының ширегіне де жетпейтін мұсылмандар үшін үлкен шығын. Бұл жайында  «ansar.ru» агенттігі «Washington Post» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат