Әлемдегі ең тұтынушы ел немесе тұтынушылық індеті жайлаған ел
Әлемдегі ең тұтынушы ел немесе тұтынушылық індеті жайлаған ел
6 жыл бұрын 4679 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда соғысының неден бастау алғанын, әлемдегі екі алып державаның арасындағы сауда соғысын қай тараптың бастағаны, оның қалай өріс алып келе жатқаны, әлем экономикасына ықпалы қандай, т.б. жан-жақты талдап хабар таратқан едік. Бұл жолы сауда соғысына түрткі болған терең себептерге үңіліп көрмекпіз. Алдымен протекционизм дегеніміз не? Уикипедиядағы анықтамасы: Протекционизм (францprotectionnismeлатынprotectio - бүркеу, қорғау, қамқорлық жасау) - қолдампаздық - мемлекеттің ұлттық экономиканы шетелдік бәсекеден қорғау жолымен оның дамуына жәрдемдесетін экономикалық саясаты.

Елге әкелінетін тауарларға кеден бажын енгізу, белгілі бір тауарлардың әкелімін шектеу немесе толық тыйым салу, ұлттық өнеркәсіпке демеу қаржы бөлу, тауарлар экспортын ынталандыру, басқа да бірқатар шараларды қолдану жолымен жүзеге асырылады.

Tap мағынада Протекционизм дегеніміз шетелде шығарылған тауарлардың ішкі нарыққа кіруін шектеу немесе оған жол бермеу мақсатымен жүргізілетін кеден саясаты.

Кең мағынада Протекционизм дегеніміз ұлттық өндірушілердің мүдделерін қорғауға, сондай-ақ, ұлттық өндірісті көтермелеуге және ынталандыруға бағытталған шаралар жүйесі. Кеден саясаты осы жүйенің бір бөлігі ғана. 

АҚШ билігі протекционизмге қандай себептермен барды дегенге келсек, электронды энциклопедияда берілгені анықтаманы алға тартуға болар еді. Алайда, бұл біржақты жауап болып қалмақ. Ал терең себептеріне келсек, оның бастауы мен қиыры мүлдем басқа тарапта жатқанын аңғарар едіңіз. АҚШ билігі ең алдымен мұндай қадамға ішкі тұтыну деңгейінің көтерілуіне байланысты барып отыр. Бұл жайында Азия экономикалық форумының бас хатшысы Боао Чжоу Вэньчжун мәлім етті. «Проблема негізінен АҚШ-тың сауда тапшылығының өсуіне қарамастан тұтынушылықты арттыруды жалғастыруда жатыр, сонымен қатар, бір мезгілде жалпы ішкі өнімге шаққанда алтын валюта қоры кеміп келе жатыр»,- деп мәлімдеді сарапшы. «Қараңыздар: америкалықтар әлем халқының тек 4,4%-ын құрайды, алайда, әлемдегі барлық игіліктің 22%-ын тұтынып отыр»,- деді артынша. 

Сөз орайы келгенде жақша ішіне алып айта кету керек, тұтынушылық індеті өткен ғасырдың орта шенінде пайда болды. Бұл капиталистік жүйенің белгілі бір кезеңімен байланысты орын алатын әлеуметтік құбылыс. Батыс елдерінен бастау алған тұтынушылық індеті бүгінгі таңда күллі әлемді шарпыған. Семіздік індеті секілді. Десе де тұтынушылық экономиканың алға басуының бір өлшемі ретінде қарастырылады. Бұл факторды елемеуге болмайды. 

Сарапшы осылай дей келе протеционизм АҚШ-тың проблемасын шешіп бере алмайтынын мәлімдеді. Десе де сарапшы екі елдің арасындағы сауда соғысына түрткі болған АҚШ-тағы тұтынушылық індетінен қалай құтылу керектігін айтпады. 

0 пікір
Мұрағат