Әлемдегі ең алып экономиканы ынталандыратын құралдар мен бастамалар әлеуеті сарқылып барады
Әлемдегі ең алып экономиканы ынталандыратын құралдар мен бастамалар әлеуеті сарқылып барады
5 жыл бұрын 2314 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемді экономикалық немесе қаржылық дағдарыс шарпығанда я болмаса өсімі баяулаған экономиканың даму қарқынын арттыру үшін түрлі шараларға барып жатады. Билік. Мәселен, Қытай билігі әдетте экономиканың өсуін қамтамасыз ету үшін жылжымайтын мүлік нарығын пайдаланатын. Бұл жайында CNBC ақпарат көзі хабар таратты. JL Warren Capital зерттеу компаниясының негізін қалаушы Цзюньхэн Лидің айтуынша, қытай отбасылырының 61%-ы тұрғызылғанына он жыл тола қоймаған үйлерде тұрады. Сондай-ақ, қытайлардың дені салынғанына ширек ғасыр өтсе де тоза қоймаған үйлерде тұрып жатыр. «Қарапайым математика  инвестицияны ынталандыру үшін жаңа үй құрылысын ұдайы жүргізу... шегіне әні-міне жетейін деп қалды»,- деп мәлімдеді ол қаңтар айында жасаған баяндамасында. Moody's Analytics экономистері өткен жылдың желтоқсан айында Қытайдағы нақты табыс мөлшері соңғы алты жыл ішінде жылына орташа есеппен алғанда 10%-ға артып отырған. Ал үй шаруашылығы үшін алынған қарыз мөлшері жылына орташа есеппен 20%-ға өскен. Өткен жылы үй шаруашылығы қарызының өсу қарқыны орташа есеппен 26%-ға жеткен. Сарапшылардың пікіріне қарағанда, Қытай билігі ел экономикасының күрт бәсеңсуіне жол бермесі үшін инфрақұрылымдық шығындарға иек артып отыр. «Экономика өсуінің бәсеңдеуінің бұл жолғысы жекеменшік сектор мен халықтың сенімінің кемуінен орын алып отыр»,- деп мәлімдеді Vanguard Investment Strategy Group-тың атқарушы директоры әрі бас экономисі Цянь Ван өткен айда Шанхай қаласында. «Бұл жағдайда біз ынталандырушы экономикалық саясаттың өз тиімділігін жоғалта бастағанына алаңдаймыз»,- деді ол артынша. Қытайдың даму және реформалар жөніндегі ұлттық комиссиясы (NDRC) 2017 жылдың тамыз айында қалалық жерлердегі көлік инфрақұрылымына қатысты жобаларды бекітуден бас тартты. Өткен жылдың екінші жартысында аталмыш комиссия мұндай жобаларға ең ірі жеті қала бойынша өз рұқсатын берді. Осыған байланысты мұндай жобаларға тартылған инвестиция мөлшері 714,2 млрд юанға (105 млрд долларға) жетті. Бұл жайында Nomura экономисі Тин Лу қаңтар айының 18-і күні жасаған баяндамасында айтты. Десе де мұндай инфрақұрылымдық жобаларға шығын шығару экономикалық өсімді қаншалықты уақытқа дейін қамтамасыз ете алатыны белгісіз. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Қытайда өткен жылы жалпі ішкі өнім 6,6%-ға бәсеңдеп, 1990 жылдан бері ең минималды деңгейге түскен. Қытай экономикасы өзін тығырықтан алып шығатын бастамаларға зәрулік таныта бастады. 

0 пікір
Мұрағат