Әлемдегі ең алып держава өзінің тарихында ең қауіпті кезеңді бастан кешіруде
Әлемдегі ең алып держава  өзінің тарихында ең қауіпті кезеңді бастан кешіруде
6 жыл бұрын 5488 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Американың бұрынғы жоғары лауазымды дипломаты, АҚШ-тың  сыртқы саясат теоретиктерінің бірі Ричард Хаас Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында осындай мәлімдеме жасады. «АҚШ президенті Дональд Трамп қазіргі уақытта 3 майданда білек сыбанып отыр: Боб Мюллерге (арнайы прокурор) қарсы саяси, Қытайға және оның сауда-саттық саласындағы әріптестері мен серіктестеріне қарсы экономикалық, сондай-ақ, Иран мен Солтүстік Кореяға қарсы нақты майдан ашып отыр. Бұл осы заманғы америка тарихындағы ең қауіпті кезең. Мұны қандай да бір жағдаят емес, өзіміз қолдан жасап отырмыз»,- деп тұжырыпты ол. Ол бұрын жазған «Қайда барамыз. Американың сыртқы саясатын қайта құру» деп аталатын, Foreign Affairs мерзімді басылымында өткен жылдың орта шенінде, дәлірегі, шілде-тамыз айындағы санында жарық көрген мақаласында дәл қазіргі уақытта АҚШ пен  оның одақтастарына тиімді ортақ стратегияның қажет екенін  жазған болатын. «Алдымен Америка» ұраны бұл арада іске аспайтынын, өйткені, әр елдің өз мүддесі барын ескеру қажеттігін де алға тартқан болатын.  Яғни, АҚШ өзімшіл, эгоист баланың қылығын қойып, әлемнен оқшауланбай,  бәріне жауапты әке жауапкершілігін мойнына алуы керектігін де жазған еді. Ол үшін халықаралық көмектен және климат үшін әлемде жүріп жатқан күрестен қалыс қалмауы тиіс екенін де шегелей жеткізген. Осылай дей келе екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан әлемдегі тәртіпті толық жермен-жексен етпей-ақ, модернизациялауға болатынын да айтып өтіпті. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Ричард Хаас пікірімен санаспайтындай елеусіз тұлға емес, ол 2003 жылдан бері халықаралық қатынастар жөніндегі кеңестің президенті болып жауапты қызмет атқарып келеді, бұрын мемлекеттік департаментте саясатты жоспарлау жөніндегі бөлімнің директоры болып істеген.

0 пікір
Мұрағат