Әлемде қанша адамның жалғыздықтан жапа шегетіні анықталды
Әлемде қанша адамның жалғыздықтан жапа шегетіні анықталды
2 жыл бұрын 1905 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғаламдық пандемия басталмай тұрып бұл бағытта арнайы жүргізілген метаталдау нәтижесі көрсеткендей, жалғыздықтың созылмалы және ауыр түрлері әлемнің көптеген елінде кездескен. Бұл жайында islam.kz порталы  ScienceAlert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, австралиялық ғалымдар 2000-2019 жылдар аралығында әлемнің 113 елін қамтыған 57 зерттеуге метаталдау жүргізген болатын. Өнеркәсібі дамыған елдерде жалғыздық әлеуметтік сипат алғанымен аталмыш мәселеге қатысты тарихи мәліметтерсіз тұжырым жасау қиын – осы заманғы деректердің уақытқа немесе түрлі географиялық аймақтарда қаншалықты сәйкес келетінін анықтау қиындық тудырады. Десе де бір анығы, бүгінде күллі адамзатқа шаққанда 12 адамның шамамен біреуі денсаулыққа залалын тигізетін дәрежеде жалғыздықтан жапа шегіп жүр. Сидней университетінің эпидемиологы Мелоди Диннің айтуынша, ғаламдық ауқымда жалғыздық дертінің таралу деңгейі анықталмаған. Жалғыздық адамның рухани танымындағы философиялық бағыттан асып, әлеуметтік ұғымға айналып барады. Жалғыздық бүгінде адамның психикасымен, психологиялық жай-күйімен, сондай-ақ, тән саулығымен байланысты болғандықтан қоғамдық денсаулық сақтау саласының елеусіз қалдыруға болмайтын нақты бір санатына айналған. Сол себепті де жалғыздық проблемасын тиімді шешу жолдарын қарастыру өзекті мәселе ретінде алға шығып отыр. Ғаламдық жалғыздықты бағалау  кезінде негізінде әлемнің 77 елінде зерттеу жүргізілген. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, адам қарасы көп оңтүстік-шығыс Азия елдерінде 9,2%-дан Жерорта теңізінің шығысына дейін 14,4%-ға дейін ауытқыған жалғыздықтан зардап шегетіндер қарасы. Бұл көрсеткіш Еуропаның солтүстігінде жастар арасында 2,9% болса, ересектерде - 2,7%, ал қаттар арасында - 5,3%. Еуропаның шығысыа келсек, жастар - 7,5%, ересектер - 9,6%, қарттар - 21,3%. 

Ұқсас материалдар:

«Жалғыздық – дерт. Ғалымдар онымен күресудің стратегиясын әзірлейды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jalgyzdyq-dert-galymdar-onymen-kuresudin-strategiyasyn-azirleidy-14397/#gsc.tab=0);

«Адамның неғұрлым дана болған сайын жалғыздықтан соғұрлым аз жапа шегетіні анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-negurlym-dana-bolgan-saiyn-jalgyzdyqtan-sogurlym-az-japa-shegetini-anyqtaldy-14944/#gsc.tab=0);

 «Жалғыздық пен сусамыр арасында байланыс бары анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jalgyzdyq-pen-susamyr-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-14148/#gsc.tab=0);

"Ғалымдар жалғыздыққа қарсы дәрі жасауға кірісті" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-jalgyzdyqqa-qarsy-dari-jasauga-kiristi-14932/#gsc.tab=0);

«Адамның жалғыздықтан жапа шегетін жас кезеңдері анықталды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/adamnyn-jalgyzdyqtan-japa-shegetin-jas-kezenderi-anyqtaldy-11260/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат