Әлемде қалалық аумақ 20 жылда екі есеге ұлғайған
Әлемде қалалық аумақ 20 жылда екі есеге ұлғайған
3 жыл бұрын 1815 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда Science Bulletin мерзімді басылымында жарияланған бұл тараптағы зерттеу материалында келтірілген дерекке қарағанда, 2000 жылдан бері әлем бойынша қала экспанциясы қарқын алған. Бұл жайында islam.kz порталы 新華社 (Синхуа) ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Қытай ғылым академиясының географиялық ғылым мен табиғи ресурстарды зерттеу институтының және Солтүстік-шығыс ауыл шаруашылық университетінің, сондай-ақ, Фуцзян педагогикалық жоғарғы оқу орнының ғалымдары арнайы жүргізген бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, әлем бойынша қалалық аумақтың ауданы 2000 жылдан бері 239 мың шаршы шақырымнан 2020 жылы 519 мың шаршы шақырымға ұлғайған. Қытай ғалымдары бұл мәліметке спутниктің көмегімен қол жеткізген. 2010-2020 жылдар аралығында, яғни, айналдырған он жылдың ішінде қала экспанциясы жылына 17,5 мың шаршы шақырым жылдамдықпен өскен. 2020 ылы қалалық жасыл аймақ (көгалдандыру, жасылдандыру) аумағы 171,6 мың шаршы шақырымға кеңйген. Бұл көрсеткіш әлемдегі қала атаулының жалпы аумағының 33%-ын құрап отыр.

0 пікір
Мұрағат