Әйелдермен жанасқысы келмегені үшін мұсылманға азаматтық берілмейтін болды
Әйелдермен жанасқысы келмегені үшін мұсылманға азаматтық берілмейтін болды
8 жыл бұрын 2703

Швейцария билігі мектеп қабырғасында мұғалиманың қолын алмаған екі мұсылман баланың отбасына қатысты рәсімделіп жатқан азаматтық беру процедурасын тоқтатып тастады. Бұл жайында «IslamNews» порталы «The Guardian» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Аталған елдің Тервил қаласындағы мектепте оқитын мұсылман ұл балалар бөгде әйел адаммен жанасуға дініміз рұқсат бермейтінін алға тартқан. Жергілікті білім беру мекемесі 14 және 15 жастағы жасөспірім мұсылмандарға мұғалімдердің қолын алмауға рұқсат бергенімен бұл хабар құлағына тиген жоғарғы билік өкілдері шу шығарды. Әсіресе, әділет министрі Симонетта Соммаруга осы оқиға төңірегінде мұсылман отбасын айыптап, қатаң мәлімдеме жасады. Мұғалиманың қолын алудан бас тартқан жасөспірім мұсылмандардың тегі сириялық. Олар бұл елге 2001 жылы қоныс аударған еді. 

0 пікір
Мұрағат