Әйелдері сормаңдай болған елдер (фото)
Әйелдері сормаңдай болған елдер (фото)
9 жыл бұрын 11219

Еуропалық әйелдерді қалай елестетесіз? Өзіне нық сенімді, өз табысы бар, білімді, сұлулық салонына, фитнес клубқа барып тұратын көңілі тоқ, көйлегі көк әйел көз алдыңызға келеді.

Ал мына төмендегі фото-суреттерде мүлдем кереғар көрініс. Сарапшылар әйел боп туғаны үшін өкінетін, әйелдерге адам ретінде қарамайтын он елді атады.

Гватемалада отбасындағы зорлық-зомбылық қалыпты жағдай саналады.

zhenschiny-v-srtanah-mira-2Ирак – ИСИМ содырларының қолжаулығына айналған әйелдер көптеп кездеседі. Өткен жылы төсек қатынасынан бас тартқаны үшін ИСИМ содырларының қолынан жүз елуге жуық әйел ажал құшты.
zhenschiny-v-srtanah-mira-3

Пәкістандағы ақ жаулықтылардың 90%-ы отбасындағы зорлық-зомбылықтың тұтқынына айналған. Олардың құқығы қорғалмаған. Кей аудандарда жазықты болып қалған ерін жазалау үшін оның әйелін зорлайды.

zhenschiny-v-srtanah-mira-4

Чадта «әйел құқығы» деген ұғым кездеспейді десе де болады. Оларды 10-12 жасында ұзата береді. Әлбетте, күштеп.

zhenschiny-v-srtanah-mira-5Ауғанстанда әйелдердің өмір сүруінің орташа ұзақтығы 45 жастан аспайды. Олардың дені хат танымайтын сауатсыз. 85%-ы медициналық көмек көрмей босанады. Ауғанстан – әлемдегі ана өлімі жоғары, яғни, босану үстінде қаза табатындар саны көп ел.

zhenschiny-v-srtanah-mira-6Африка құрлығындағы Конго демократиялық республикасының шығысындағы соғыс алдымен әйелдерге қиын тиді. Бұл қайта жұмсартып айтқанымыз. Олар қолдарына қару алып, алғы шепте соғысуға мәжбүр. Шабуыл бола қалған жағдайда алдымен оққа ұшатын да әйелдер. Тұтқынға түскендері зорланады.

zhenschiny-v-srtanah-mira-7Судан билігі әйелдер құқығын қорғайтын заң қабылдауға талпынып келеді. Алайда, нәтижесі әзірге көрінбейді. Соңғы он жылдың ішінде бұл елде 1 миллионнан аса әйел ұрланған, азапталған және өлтірілген.

zhenschiny-v-srtanah-mira-8
zhenschiny-v-srtanah-mira-9Сомали азаматтық соғыстың лаңы мен кесірінен қыз балалардың 90 %-нан асатыны пәктігінен 10-12 жасында немесе одан да ерте жасында айырылып қалады. Бұл елдегі әйелдердің тек 7 %-ы ғана перзентханада босанады.

zhenschiny-v-srtanah-mira-10

Үндістанда әйелдердің 70 %-ы отбасындағы зорлық-зомбылыққа ұшырап отыр. Шамамен әрбір бір жарым сағат сайын бір әйел зорланады. Бұл елде, сондай-ақ, адам саудасы қызып тұр. Күңдікке сатылатын әйелдердің бәсі жоғары. Үндістандағы әйелдердің жартысына жуығы 18 жасқа жетпей тұрмыс құрады.

4 пікір
  • Пайғамбарымыз (C.Ғ,С) "Араларыңдағы ең хайырлыларың әйелдеріңе ең көркем мшнезді болғандарың" демеппе еді???
    9 жыл бұрын
  • Осы мысалдар арқылы-ақ байқап отырмыз, қазақ елінің зайырлы, құқықты, иманды ел екенімізді. Бұл Алланың бізге берген сыйы! Аллаһу Акбар!
    9 жыл бұрын
  • Масқара, не деген сұмдық. Біздің қиналдық дегеніміз бекер екен ғой. Аллам оларды тозақтан сақтасын.
    9 жыл бұрын
  • Ассалямуъалейкум!!! кеширерсиздер, акпарат асерли, бирак бул елдер Еуропага жатпайды гой!
    9 жыл бұрын
Мұрағат