Әйелдерге қамқор болудан бас тартуға шақырған азамат істі болды
Әйелдерге қамқор болудан бас тартуға шақырған азамат істі болды
7 жыл бұрын 2234

Әйелдерге еркіндік беруді жақтап, ер адамдардың оларға қамқор болуына наразылығын білдірген саудиялық азамат ел заңына қайшы келетін осы әрекеті үшін абақтыға жабылды. Тарқатып айтсақ, әд-Даммам қаласының тұрғыны әрі осы бастамасымен белсенді атанған азамат (аты-жөні айтылмаған - ред.) ер адамдардың әйелдерге қамқор болуы ақ жаулықтыларды кемсітушілікке жол береді деп есептейді. Оның айтуынша, әйелдердің өз еркін өзіне берілуі керек. Ол осы мақсатта көшеде парақшалар таратып қана қоймай, әлеуметтік желілерде де өз ойын жасырмай, насихаттап келген болатын. Алайда, оның бұл әрекеті сәтсіз аяқталды: ол осы әрекеті үшін бір жылға бас бостандығынан айырылып, оған 8 мың долларға жуық айыппұл салынды. Айта кетейік, Сауд Арабиясының заңы бойынша әйелдер бірқатар мәселелерді өздігінен шеше алмайды, туыс ер-азаматтың немесе күйеуінің рұқсатымен ғана жоғары білім алуына, шетелге шығуына, жұмысқа орналасуына және неке қидыруға, т.б. болады.  

0 пікір
Мұрағат