Ағашқа күртеше "кигізгендердің" мақсаты қандай?
Ағашқа күртеше "кигізгендердің" мақсаты қандай?
5 жыл бұрын 2990 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Косоволық студенттер мұқтаж адамдар үшін ерекше науқанды қолға алды. Олар жергілікті саябақтағы ағаштарға күртеше кигізуде. Осылайша мұқтаж адамдар бойына шақ киімдерді оңай таңдап, көзге көп түспей қайтып кетуіне болады. Бұл жайында түріктердің Yeni Şafak ақпарат көзі хабар таратты. Призрен жастары әлеуметтік желіде ел тұрғындарына үндеу тастап, қажетсіз киімдерін, әсіресе, қыстық киімдерді жинады. Жергілікті тұрғындар бастамашыл топтың акциясына атсалысып, бүтін әрі жылы киімдерін тапсырды. Нәтижесінде 300-дан аса сырт киім жиналған. 

0 пікір
Мұрағат