Африканың кедей елдерінің антибиотикке "араны ашылып" кеткен...
Африканың кедей елдерінің антибиотикке "араны ашылып" кеткен...
4 жыл бұрын 2328 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Африка құрлығында орын тепкен кедей елдерде балаларға антибиоктикті шектан тыс пайдаланып жатыр, деп ғалымдар дабыл қағып отыр. Бұл өз кезегінде жаңа антибиотикті-резистентті бактериялардың пайда болуына алып келуі мүмкін. Бұл жайында The Lancet ақпарат көзі хабар таратты. Швейцариядағы тропикалық және қоғамдық денсаулық сақтау институтының әрі Гарвардтың қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ғалымдары Гаитиде, Кенияда, Малабиде, Намибияда, Непалде, Сенегалда, Танзанияда және Угандада бес жасқа дейінгі балаларға жылына антибиотикті 25 рет тағайындаған. Ал бұл көрсеткіш АҚШ пен Еуропаның дамыған елдерінде жылына екеуден аспайды. Оның өзін артық санайды. Мәселен, Танзанияда емханаға түскен балалардың 90%-на антибиотик тағайындалған. Сараптай келе олардың тек 20%-ның емі үшін ғана антибиотик қолдануға болатыны анықталған. Бұл балалардың денсаулығына кері әсерін тигізіп, ішектің микрофлорасының құруына алып келмек. Бұдан бөлек, бұл жағдай жаңа антибиотикті-резистентті бактерияның пайда болуына апарып соқтыруы ықтимал. Биологтардың халықаралық тобы Конго демократиялық республикасының бірнеше медициналық мекемелерінде алынған қан үлгілерінен антибиотиктің кез келген түріне төзімді Typhimurium сальмонелла бактериясын тапқан болатын.

0 пікір
Мұрағат