Адмзаттың жартысынан көбісі әлемнің жеті елінде ғана тұрады
Адмзаттың жартысынан көбісі әлемнің жеті елінде ғана тұрады
5 жыл бұрын 2037 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлем тұрғындарының 52%-ы әлемнің 7 елінде тұрады. Бұл жайында Pew зерттеу орталығы Біріккен Ұлттар Ұйымының келтірген дерегіне сілтеме жасай отырып, мәлім етті. Бұл тарапта Қытай көш бастап тұр - 1,42 млрд тұрғын, екінші орынға Үндістан табан тіреген - 1,35 млрд адам, үшінші орыннан АҚШ көрінген - 327 млн азамат, төртінші орынға Индонезия (266 млн адам) жайғасқан, бесінші орында Бразилия (210 млн адам). Одан кейінгі орында Пәкістан тұр – 207 млн адам, жетінші орынды Нигерия місе тұтқан – 200 млн адам. Осы аталған жеті мемлекеттегі тұрғындардың қарасы 3,97 млрд адамды құраған. Ал әлемнің қалған елдеріндегі тұрғындар саны 3,66 млрд. 2014 жылы адамзаттың жартысы әлемнің алты елінде шоғырланған болатын. Адамзаттың жартысынан артығы тұратын аталған қазіргі мемлекеттер арасында Нигерия жоқ болатын. Тағы бір айта кететін жайт, соңғы жылдары Нигериядан басқа алты мемлекеттегі тұрғындарға қарағанда дамушы елдердің тұрғындар қарасы жылдам көбейіп келеді. 1950-2010 жылдар аралығында адамзат саны екі есеге артқан.

0 пікір
Мұрағат