Адамзатқа теңіз астына жасырынған қатер төніп келеді
Адамзатқа теңіз астына жасырынған қатер төніп келеді
4 ай бұрын 807 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Адамзат таяу болашақта үлкен қиындықпен бетпе-бет келеді. Ғалымдар «мұзды от» деп аталатын теңіздегі метан гидратының климат пен экологиялық жүйеге салдары өте ауыр орасан зор қатер төндіріп тұрғанын жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы IFLScience ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяуда бұл тарапта осы заманғы 3D сейсмикалық деректер негізінде арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесіне сәйкес теңіз астындағы метан гидраты жаһандық жылынуға төтеп бере алмайды, яғни, жылудың әсерінен қоршаған ортаға таралу қаупі басым. Жаһандық жылыну қарқынын арттырып қоймай, сонымен қатар, мұхиттың қышқылдық деңгейін арттырып, теңіз жануарларының жаппай қырылуына ықпал етпек. Ричард Дэвис есімді Ньюкасл университетінің жаһандық даму және тұрақтылық жөніндегі вице-канцлері метан гидратында жердегі барлық мұнай мен газ қорларын қоса алғандағы шамадай көміртегі қорына ие екенін алға тартып отыр. Ғалымдар бұл тараптағы басты қауіпті атады: бұл арада мұхит түбіндегі гидрат қабатының астында жасырынған алып кратерлер турасында сөз болып отыр. Ені бір шақырымға, ал тереңдігі 50 метрге дейін жететін бұл кратерлер метанның бөлінуіне себепші болатын геотермиялық жылыту нәтижесінде пайда болады. Кратерлер қауіпті аймаққа жақын орналасқан. Яғни, кез келген уақытта теңіз астындағы метан сыртқа шығуы мүмкін. Бұл метан климат дағдарысын одан ары тереңдетіп, апатқа бастайды.

0 пікір
Мұрағат