50 жылда бірінші рет ұрлық жасалды
50 жылда бірінші рет ұрлық жасалды
9 жыл бұрын 4145 Канна аралы © topuzz.com

Шотландия аралында 50 жылда бірінші рет ұрлық жасалды, - деп хабарлайды "24.kz".

Еpochtimes.ru басылымының мәліметінше, Канна аралының жағалауында жарты ғасырда болмаған ұрлық жасалды. Белгісіз біреулер мұндағы дүкеннен тәттілер мен жүннен жасалған 6 шляпаны жымқырып кетіпті.

"Бір өкініштісі, шляпаның әрқайсысы қолдан жасалып, сатуға енді ғана қойылған. Тонаушылар дүкенге есікті ашып, кедергісіз кірген. Себебі оның иесі дүкен есігін ешқашан құлыптамайтын. Арал тұрғындарының бір-біріне сенгендігі соншалық, тіпті мұнда жергілікті балықшылар емін-еркін кіретін болған. Олар ғаламтор желісін пайдаланып, дүкеннен керек-жарақтарын өз бетінше алып, тауардың ақшасын арнайы жәшікке салып кетіп отырған", - деп жазады басылым.

Айта кетейік, бұл аралда соңғы ширек ғасырда бірде бір рет ұрлық болмаған. Ал осыған дейін соңғы рет 60-жылдары ғана шіркеуден ағаш тәрелке ұрланыпты. Жалпы Канна аралы Ішкі Гебрид аралдарының архипелагында орналасқан. Мұнда барлығы 30 адам тұрады.

0 пікір
Мұрағат