2070 жылға қарай 3,5 млрд адам жантөзгісіз ыстықтан азап шегетін болады
2070 жылға қарай 3,5 млрд адам жантөзгісіз ыстықтан азап шегетін болады
4 жыл бұрын 2865 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2070 жылға қарай әлем бойынша 3,5 млрд адам жантөзгісіз аптап ыстықтан азап шегетін болады. Дәлірегі, желдеткіш қондырғысын сатып алуға жағдайы келмейтін адамзаттың кедей бөлігі зардап шегетін болады. Бұл жайында Вагенинген университетінің ғалымдары PNAS мерзімді басылымында мәлім етті.

Күллі әлемде 2100 жылға қарай жаһандық жылыну салдарынан орын алған климаттың антропогендік өзгерісінен жылдық орташа температура 1,8 °C-қа артады. Бірнеше млрд адам қалыпты өмір сүру үшін ауаны салқындататын технологияны қажет ететін аймақтар мен аудандарда тұратын болады. Қазірдің өзінде, сарапшылардың есебінше, 20 млн адам жылдық орташа температура  29 °C-тан асып кеткен өңірлер мен өлкелерде тұрып жатыр. Жер бетінің 1%-дай көлемдегі аймақ Сахара шөлі мен Саудия түбегін қамтып жатыр. Мұндай аймақтың аумағы жыл өткен сайын ұлғайып бара жатыр, енді бірер жылдан соң Африка құрлығы, Азия мен Австралия және Оңтүстік Американың кей аймақтарында жылдық орташа температура жоғарыда аталған көрсеткіштен асады.

0 пікір
Мұрағат