2020 жылдың КамАЗ-ы: әжетханасы, асханасы, душы болады (фото)
2020 жылдың КамАЗ-ы: әжетханасы, асханасы, душы болады (фото)
9 жыл бұрын 4636

COMTRANS/15 көрмесінде 2020 жылға қарай жаппай шығарылатын кабиналар макеті (көшірмесі) жұртшылықтың назарына ұсынылды.  Mercedes-Benz Axor кабинасының базасы негізінде жасалатын концепт (КамАЗ) – өмір сүруге барынша қолайлы әрі мейлінше кең үлгісі көрген жұрттың көңілінен шықты. Ені – 2,5 метр, еденінен төбесіне дейінгі биіктігі екі метрге жетеқабыл. Едені тегіс болады. Бұл үлгіні ұсынып отырғандар көлік жүргізушісі үшін шағын кеңсе, жайлы бөлме, асханасы, тіпті, спортзалы болуы керектігін алға тартып отыр. Басқасын былай қойғанда, асханасының өзі не керектінің бәрімен жабдықталуы тиістігін айтып отыр: микротолқынды пеш, кофе-машина, тоңазытқыш, т.б. Бұл керек-жарақтар жиналмалы немесе жасырын кеңістікте орналасуы керек, тек қажет жағдайда ғана ашылуы тиіс. Шағын жиналмалы диван кабинаның артқы жағында болады. Кабинада, сонымен қатар, теледидар қойылады.   

 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
0 пікір
Мұрағат