2016 жылы 6500-ге тарта сириялық әйел түріктерге тұрмысқа шыққан
2016 жылы 6500-ге тарта сириялық әйел түріктерге тұрмысқа шыққан
7 жыл бұрын 3332 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияның статистика институты (TUİK) өткен жылдың елдегі ажырасулар мен некелескендер туралы дерек келтірді: 2016 жылы неке қидыру көрсеткіші 2015 жылмен салыстырғанда 1, 4%-ға артқан. Нақтырақ айтқанда, 2015 жылы - 594 493 неке қидырылса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 602 982-ге жеткен. Ад ажырасу керісінше  4,3 %-ға кеміген: 2015 жылы 131830 ажырасу; 2016 жылы - 126 164. Неке қидырған ер-азаматтардың орташа жасы 2016 жылы 27,1-ді құраса, әйелдер арасында бұл көрсеткіш – 24 жас. Шетелдіктермен неке қидырғандар саны пайызға шаққанда - 3,8 %; Яғни, 22583 шетелдікпен неке қидыру оқиғасы тіркелген. Шетелдіктердің арасында сириялықтармен неке қидырғандардың қарасы көп болып шықты: (28,8%, 6  495), екінші орында немістермен - (%11,7, 2 644), ал үшінші орында әзірбайжандықтармен - (9,6%, 2 170). Шетелдіктермен неке қидыру саны – жалпы неке қидыру көрсеткішіне шаққанда 0,6 %-ды құраған, яғни, 3 777. Түркітерден әйел алғандардың арасында немістер алда келеді - (35,4%, 1 338), сириялықтар арасында бұл көрсеткіш - (10%,377), ал үшінші орынға австриялықтар жайғасқан - (7, %, 291). Ал ажырасу көрсеткіші Измир қаласында көптеп тіркелген. Ажырасулар негізінен неке қидырғандарына бес жыл толмағандардың қарасы көп - 39,1%. Он жылға шаққанда бұл көрсеткіш 21%-дан аспаған. 

0 пікір
Мұрағат