1870-шы жылы салынған шіркеу мешітке айналады
1870-шы жылы салынған шіркеу мешітке айналады
8 ай бұрын 1588 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Британияның Бредфорд қаласындағы қаңырап тұрған тарихи шіркеу мешітке айналатын болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Telegraph and Argus ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жергілікті хирстиандардың бұл ғибадат ғимараты 2020 жылдан бері қаңырап тұр. Бастапқыда аталған қала билігі ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, бірнеше пәтері бар тұрғын үйге айналдырмақ болған еді, алайда, мұсылмандар оны мешітке айналдыру туралы ұсынысын білдірді. Қалалық кеңестің мүшесі Хейзел Жонсон мұсылмандардың бұл бастамасы құпталып, тіпті, олар арнайы рұқсат алу процедурасынан қиындық көрмегенін алға тартып отыр, өйткені, ғибадат ғимараты болып қалатыны қала басшылығының көңілінен шыққан болатын. Жергілікті наным-сенімі өзге тұрғындар да бұл бастаманы қолдап отыр.

Ұқсас материалдар:

«Тағы бір шіркеу мешітке айналады» (https://islam.kz/kk/news/alem/tagy-bir-shirkeu-meshitke-ainalady-19030/#gsc.tab=0);

«Шіркеу мешітке айналды» (https://islam.kz/kk/news/alem/shirkeu-meshitke-ainaldy-2267/#gsc.tab=0);

«Қаңырап қалған шіркеулер мешітке айнала ма?» (https://www.islam.kz/kk/news/alem/qanyrap-qalgan-shirkeuler-meshitke-ainala-ma-2563/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат