Тазарып еске ал Иеңді!
Тазарып еске ал Иеңді!
3 жыл бұрын 3962
Меруерт Мұхамадиева, Семей қаласы.

Жабырқаған бір сәттерде,

Жабырқамаған да сәттерде,

Есіңе ал әркез Құдайды.

Үміттің оты мың маздап,

Тарайды шуақ шырайлы.

Ұстасаң да мейлі күн, айды,

Рухыңда болған бос кеңістік,

Иесін ол да сұрайды.

Нәпсі көзімен байланған,

Тәніміз төмен құлайды.

Рухтың азығын іздеген,

Жүрекке хикмет ұнайды. 

Жетістіктерге жетсең де,

Асудан асып кетсең де,

Ұмытпа Ұлы Иеңді!

Хақсыз жан неге сүйенді?!

Дүние қапшығын арқалап,

Жаныңа жақпа күйеңді.

Дәрет, дұғасыз жатқан соң,

Жайсыз түс неге жиі енді?!

Тіршілік кірінен арылып,

Тазарып еске ал Иеңді!

0 пікір