Өмір бітсе ажал келіп есік қағар
Өмір бітсе ажал келіп есік қағар
9 жыл бұрын 5839
Ерлан Садуақасұлы

Өмір бітсе ажал қағар есікті!

Дінсіз өлсең басасың ба өксікті?

Құлшылыққа маған әлі ерте ғой,

Деп жүргендер ажалы кеп кешікті!

 

Судай ағып босқа өткен замандар!

Қадіріңді білмеді – ау көп адамдар!

Ақылды емдер жүректерден ар кетіп,

Арсыздыққа белең алды  қадамдар!

 

Ғибадатсыз мәнсіз өткен қайран күн!

Құндылығын негізіңнің ойға алдым!

Арсыз нәпсі жұлмалаумен  жүректі,

Мазағына айналдырған  сайтанның!

 

Қадірлемей босқа өткен жылдар- ай!

Күнә әкелген азабы ауыр мұңдар-ай!

Әрекетсіз Жәннатты аңсар пенде көп,

Құранда айтқан Хақ әмірін тыңдамай!

 

Иман - нығмет нәсіп еткен ғажап қып!

Сол нығметпен жүрек табар азаттық!

Көп дінсіздер апат болған  адасып,

Мүмін болса ,болмас еді-ау тозақтық!

 

Өлмей тұрып қадірлемей  өмірді!

Дінсіз пенде имансыз боп көмілді

Қияметтің мұңлы азабын ескерсек,

Ақиқатқа  бөлейік тек көңілді!

 

Раббым үшін деп жасайық амалды!

Көрем десек Сұлу Шексіз Жамалды!

Мәңгі өмір мен  шын бақытты аңсасақ,

Харамдардан сақтайық көз-жанарды!

0 пікір