«Түсімде көрген имам осы кісі еді..» - Исламды қабылдаған испан қызы жылап жіберді.
«Түсімде көрген имам осы кісі еді..» - Исламды қабылдаған испан қызы жылап жіберді.
3 жыл бұрын 21344

Ұлты испан, бірақ Алмания елінде тұратын Саския Мишель Мюллер (Saskiya Mishel' Myuller) бір көрген түсі себепті мұсылманшылықты қабылдады - деп жазады Түркия елінің www.milliyet.com.tr сайты.

Мюллер Алманиядағы Түрік көршісі Зүлейха Деликуш және оның қызы Сәмина Генчқызының себепкерлігімен Ислам дінімен аз-кем танысқан еді. Алайда оның шешімді түрде мұсылманшылықты қабылдауына түрткі болған – көрген түсі болды.

«Кішкене кездерімде мұсылман көршілерімнің үйіне барғанымда олардың намаз оқығандарынан әсерленгенім бар. Айналасындағы мұсылмандарды көріп, олардың өмірсалттарын байқап әсерде қалдым. Одан соң Исламды қарастыра бастадым. Ислам дінін жақыннан тани бастағанымда бір түс көрдім. Түсімде бір Хожа (молда) мен мешіт көрдім. Мешітке зияраттап барыппын. Жаныма имам келіп мешітке ертіп апарды...» - деп әңгімеледі Мюллер ханым.  

Осы көрген түсінен әсерленіп, мұсылман болуға нақты қадам жасауға бел буған Ол, Түркия елінде тұратын бұрынғы көршілеріне қонаққа келеді. Мұсылманшылыққа өту ойымен бөліскеннен кейін бәрі бірге Кайсери қаласындағы мүфтият бөлімшесіне барады. Мүфтияттың облыс бөлімшесінің ғимаратында тілін кәлимаға келтіріп, мұсылман болғаннан кейін «Зәйнаб» есімін алады. Мұсылман болу рәсімінде тебіреніп көзіне жас алған Зәйнаб (Мюллер) ханым, кейіннен көзіне жас алуының себебін былай түсіндірді:

«Бұл жерде көзіме жас алуымның себебі – мұсылман болу рәсімін өткізіп отырған имамды көргенімде, түсімде менің қасыма келіп, мені мешітке ертіп апарған хожа (молда) елестеді, түсімде көрген молда кісі – осы кісі еді. Сондықтан да, тебіреніп көзіме жас алдым» - деді ол.

Қысқа насихат пен сұхбаттан кейін мүфти (облыс имамы) Шахин Гүвен мұсылманшылық дипломын тапсырып, Құран кітабын сыйлады.

Аударып, дайындаған: А. Қасым

 

0 пікір