Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ақкөңілділігі жайында
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ақкөңілділігі жайында
4 жыл бұрын 4673

Ақ көңілді Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) әр түрлі адамдар тобымен кездесті. Жағдайларын тыңдап, шақырған жерлерінен қалмайтын еді. Кедей және құлдармен бірге тамақ ішетін. Өз жұмысын өзі істейтін және кедей, өте жүдеу адамдардың арасында да тұра беретін.

Бір күні өзінің алдында бір бәдәуидің дірілдеп, қалтырай бастағанын көрген Алла елшісі (саллалаһу алейһи уә сәлләм):

«Достым, қобалжыма! Мен патша емеспін. Қатып қалған нан жеген Құрайыштық бір әйелдің ұлымын», - дейді[1].

Абдулла ибн Әуфа (радияллаһу анһу) былай дейді:

«Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) жесір әйелдермен, бейшаралармен отырып сөйлесіп, олардың қажеттіліктерін сұрап, жәрдемдесуден арланбайтын».

Бір күні бір Пайғамбарымызға:

«Мырзамыз! Ең қайырлымыз! Қайырлымыздың ұлы! – деп айта бергенде, Ол (с.а.у.):

«Ей, адамдар! Алладан қоқыңдар, шайтанға ермеңдер. Мен тек Абдулланың ұлы Мұхаммедпін. Алланың құлымын. Және Алла Тағала менің мәртебемді пайғамбарлықпен үстем етті. Маған бұдан артық құрмет көрсетулеріңді қаламаймын», - дейді[2].

Пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уә сәлләм) ақ көңілділігі мен қарапайымдылығы жайында атақты Хатем-и Таиннің ұлы Адийді (радияллаһу анһ) тыңдап көрелік. Ол былай деген:

«Мен Медине қаласында айбынды патшамен кездесетінімдің ойлаған едім. Медине мешітінде Әзіреті Мұхамметтің (саллалаһу алейһи уә сәлләм) қасына барып сәлем бердім. Ол:

-Бұл кім болды екен?» - деп сұрады.

- Хатәм ұлы Адиймін», - дедім. Орнынан тұрып мені үйіне шақырды. Құдай ақы, мұны тек мен үшін істеді. Жолда арық бір қарт әйел кезігіп, бізді тоқтатты. Ол (пайғамбар) әйелдің сөзін аяғына дейін тыңдады. Мен ішімнен «бұл патшаның ісі емес» дедім. Үйіне кірдік. Іші құрма талшықтарына толы бір жастық алып, маған берді де:

- Мынаған отыр», - деді. Мен:

- Жоқ, сіз отырыңыз», - дедім.

- Жоқ, сіз, сіз...» - деп қайталады. Отырдым. Өзі құрғақ бір жерге отырды. Мен тағы да ішімнен «құдай-ау, бұл патшаның ісі емес қой», - дедім. Сосын әңгімеге көштік:

- Е-е-е... Хатәм ұлы Адий! Сен – Рәкусисің, солай ма? – деп сұрады.

- Ие – дедім.

- Сен қауымыңнан ғаниеметтің (соғыс олжасы) төрттен бірін алатын ба едің?

- Иә, алатын едім.

- Міне, бұл сенің дінің бойынша харам еді, - деді.

Иә, расында да солай еді. Бұл сөзінен оның хақ пайғамбар екенін білдім. Ол ешкім білмейтін жайларды білетін болып шықты. Сосын Расулулла (саллалаһу алейһи уә сәлләм) сөзін одан әрі былай сабақтады:

- Ей, Адий! Бәлкім бұл дінге кіруіңе кедергі болып тұрған себеп – бұл дінге кіруші адамдардың жағдайының нашарлығы шығар. Ант етемін, олардың дүние-мүліктері жақын арада көбейіп, ырыстарының мол болатыны соншалықты, келешекте қайыр не қарыз сұрайтын адам болмайтын болады. Мүмкін олардың дұшпандарының көптігі де саған кедергі болып тұрған шығар (дінге өтуге). Ант етемін, жақында бір әйелдің сонау Қадисиядан мына Қағбаны зиярат ету үшін қорықпастан түйемен жолға шыққанын естисің (сондай тыныштық заман орнайды). Мүмкін, олардың мемлекет басшылығын игеру саған дінге өтуге тыйым салатын шығар. Алла атымен ант етейін, жақын арада Бабилдің ақ үйлерінің (сарайларының) мұсылмандар тарапынан алынғандығын естисің», - деді Пайғамбар. Мен оның осы сөздерін естігеннен кейін мұсылман болдым».

Адий Қадисия шайқасынан кейін Бабил сарайлары мұсылмандар тарапынан алынғандығын өз көзімен көріп, ұзақ жасады[3].

Мыңдаған жанкешті жолдастарымен жеңіске жеткен әскер басшысының көкірек кермеуі, тәкәппарланбауы мүмкін бе? Бірақ Әзіреті Мұхаммед (саллалаһу алейһи уә сәлләм) әсіресе, осындай кездерде барынша ақкөңілділік пен парасаттылық танытып, Алланың ұлылығы алдында басын иетін еді. Расулулла (саллалаһу алейһи уә сәлләм) жеңіске жеткен әскерінің басында болып, Хайбарға кірер кезде ноқтасы жіптен жасалған есек мініп жүрген еді[4].

Ол «патша пайғамбар болу мен құл пайғамбар болу» жайында таңдауға жол берілгенде, ақ көңілімен «құл пайғамбар болуды» жөн көрген еді[5].

Осыған байланысты ол мемлекет басшысы ретінде, әрі әскери қолбасшы ретінде Меккеге кірерде түйеге мініп жүрген. Кішіпейілділікпен басын төмен игенде, сақалы ыңыршағына дейін жететін еді[6].

"Пайғамбарымыз (с.а.у.) және Оның күнделікті іс-әрекеттері" атты кітаптан


[1] Ибн Мәжә. Сүнән: әтғима. 30 баб.
[2] Әбу Дәуіт. Сүнән: Әдәп. 10 бап.
[3] Ибн Хишам. Сира: IV, 227.
[4] Асри Саадат. ІІ, 96.
[5] Хайсәти. IX, 192.
[6] Ибн Хишам, Сира. IV, 48.

0 пікір