Ислам тарихының "алтын ғасырындағы" әйелдер
Ислам тарихының "алтын ғасырындағы" әйелдер
5 ай бұрын 1594
Айгерім ЕСҚОЖАЕВА

Адамзат тарихында қоғам қайреткері ретінде танылып, белсенді болған әрі әділдік үшін күрескен, қаһарман атанған нәзік жандылар өте көп. Олардың әрқайсысы тарих беттерінде өз орнын қалдыра білді.

Бұл мақаламызда Ислам тарихының «алтын ғасырында» дінге өз үлесін қосып үлгерген нәзік жандылармен таныс болуды ұсынамыз. Әлемге үлкен білім ордасы болып танылып үлгерген, әлемдегі ең алғашқы оқу орнының негізін қалаушы Фатима әл-Фихри. Математика саласында өз орнын қалап кеткен Сутайту әл-Махамали, бұл кісі математикамен қатар, заңгерлік, хадис ілімі және араб әдебиеті салаларын да жетік меңгеріп, үлкен соттарда сарапшы болып қызмет атқарған. Әлемге танымал болған саясаткер әйелдер: Кордовалық Ләбән (10 ғасыр, Испания), Ситт әл-Мулк (11 ғасыр, Мысыр), Мелика Хатун (12 ғасыр, Туркия), Разия (13 ғасыр, Үндістан). 

 Фатима әл-Фихри
 Фатима әл-Фихри ауқатты саудагердің отбасында, тунистегі Қайруан қаласында дүниеге келеді. Ол өзінің әпкесімен бірге білімді отбасында бойжетіп, ислам құқығы мен хадис ілімін меңгерген. Әкесі Мароккодағы жеке кәсібін кеңейту мақсатында Фес қаласына қоныс аударады. Әкесі өмірден озған соң Фатима оның құрметіне Әл-Қарауин мешітін әрі бәлкім, әлемдегі ең алғашқы білім орталығын 859 жылы ашады. Әл-Қарауин бүгінде ең көне әрі жұмысын әлі күнге дейін тоқтатпай жасап келе жатқан білім ордасы. Бұл университет ЮНЕСКО тарапынан мойындалып, Гиннес рекордтар кітабына енген. Әлемнің әр түпкірінен студенттер ислам ілімдерін, астрономияны, тілдерді және өзге де ғылымдарды меңгеруге осы жерге ағылады. Осы университет арқылы араб цифры Еуропаға танылған. Бұл білім мен өркениетке қосқан бір ғана әйел адамның еңбегі.   
 
Мәриям «Әл Ижилиә әл-Аструләби»
 
Мәриям «Әл Ижилиә әл-Аструләби» астролябияны (ендікті өлшейтін құрылғы) ойлап тапқан сириялық өнертапқыш. Ол 10 ғасырда сириялық Алеппоның негізін қалаушы өнертапқыш әкесімен бірге шекараны византиялықтардан қорғап тұратын Сирияның солтүстігіндегі Хамданидттердің әміршісі Сайф әл-Даула сарайында қызмет атқарған.
 
Зайнаб Шахда бинт Ахмад бин Әл-Фараж

Зайнаб Шахда бинт Ахмад бин Әл-Фараж. Фахрунниша, Ситту д-Дар және Әл-Китаба деген лақап атпен танымал. Әулеті Динауарадан болғанымен, өзі 12 ғасырдың аяғында Бағдатта дүниеге келген. Ол кісі каллиграфияны жетік меңгерген әрі ислам ілімдерін де жақсы меңгерген адам болған. Хадис ілімін меңгеруге деген қызығушылығымен еркешелегенген жан деседі. Ол кісінің білімі өте жоғары бағаланып, аббасилердің соңғы халифы Яқұттың ұстазы болып тағайындалған көрінеді. Өмірінің соңында Фатима меккеге қоныс аударып, сол жерде үлкен әрі бай кітапхананың негізін құрған. Қасиетті қалада өткізетін дәрістеріне көптеген белгілі хадис жинақтаушылар қатысып, сертификат (ижәза) алған екен. Солардың қатарында шейх Омар әл-Ханафи мен Мухаммад Сали да бар.

 Сутайту әл-Махамали

Сутайту әл-Махамали бірнеше ғылым саласын қатар меңгерген қабілетімен ерекшеленген. Ол кісіге әкесімен қатар бірнеше ғалымдар білім алуына жәрдем берген. Математика, заңгерлік, хадис ілімі және араб әдебиеті сынды ғылым салаларын жетік меңгерген. Сонымен қатар, ол кісі арифметикалық сарапшы болған деседі. Өзге өнертапқыштардың атымен аталып кеткен теңдеулерді ойлап тапқан осы әйел адам деп айтылады. Бұл теңдеулер көп болмаса да, бұл кісінің математика саласында ерекше қабілет пен дарынға ие болғандығын көрсетеді.

 Кәрима әл-Маруазия

Кәрима әл-Маруазия өз заманында әйгілі хадис кітабы әл-Бұхариды жатқа білетін адам болған. Ең озық ұстаз болған Әбу Зарр бұл әйелдің біліміне айырықша мән беріп, өзінің шәкірттеріне хадисті осы кісінің қадағалуымен жаттауға кеңес берген. Осылайша, бұл кісі хадис іліміндегі орны ерекше жан болып қалған екен. Ол кісінің шәкіртері әл-Хатиб әл-Бағдади және әл-Хумайди.

0 пікір