Құран мен сүннет бойынша көңіл-күйді көтерудің 7 тәсілі
Құран мен сүннет бойынша көңіл-күйді көтерудің 7 тәсілі
1 ай бұрын 2192
Аударған Назерке НЫҒЫМАНОВА

Адамның көніл-күйі күніне бірнеше рет құбылады, кейде біз неліктен бұлай екенін түсіне алмаймыз. Біздің көңіл-күйіміз бен өмір сүруімізге  кері әсерін тигізетін белгілі бір факторлардың бар екенін зерттеулер дәлелдеген. Бірақ көңіл-күйге қатысты кеңестерді Құран мен Сүннеттен де табуға болады!  Алла Тағалла Құранда былай дейді: «Міне, бұл (Құран) адамдардың көкірек көзін ақиқатқа ашатын нұр және (өзіне) қалтқысыз сенетін қауым үшін тура жолға бастайтын жолбасшы һәм рақым болып табылады»[1

Төменде Құран мен сүннеттен алынған көңіл-күйдің болмауының басты 7 себебі мен көңіл-күйді көтеруге арналған күнделікті кеңестер келтірілген. Олай болса көңіл күйді бұзатын 7 нәрсе және олармен күресу жолдары мынадай:

1) Өзіңді басқалармен салыстыру. Қоршаған орта адамдармен тығыз байланыста болғандықтан кейбір адамдар өзін басқалармен салыстырып жатады, әсіресе мына әлеуметтік желілер заманында бөтен біреудің керемет фотосуретін көріп, өзіне көңілі толмайды. Адам өзінде жоқ нәрсеге, өзінің қолы жетпеген дүниесіне бас қатырып, өзін басқалардан кем санайды. Осындай салыстырудың нәтижесі өзінің жағдайына көңілі толмауына және өзін жоқтан бар етіп жаратқан Алла Тағалаға көңілі толмауына алып келеді.

Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.у.) айтқан: «Егер де сендердің біреулерің өзінен мәртебесі жоғары біреуге қарағанда, ол сонымен қоса, өзінен мәртебесі төменге де қарауы қажет». Осы қарапайым шешім өзін басқа біреумен салыстыруға жол бермейді. Есіңізде болсын, үлкен жетістіктерге қол жеткізген адамдармен қоса, сіздің орныңызда болғысы келіп армандайтын адамдардың бар екенін ұмытпаңыз. 

2) Әлеуметтік желілерде шамадан тыс  көп отыру. Зерттеулер дәлелдегендей, адамдар неғұрлым әлеуметтік желілерде уақытын көп өткізсе, соғұрлым олардың бақытты болуы мен разылық сезімдері азаяды. Осындай жағдайдан құтылу үшін әлеуметтік желіде бір іспен айналысыңыз, мысалы маңызды ақпараттармен бөлісіңіз!

3) Жағымсыз, теріс пиғылды адамдармен қарым-қатынас. Біздің айналамыз, қоршаған ортамыз бізге қатты әсер етеді. Әрдайым шағымданып жүретін, жағымсыз теріс ниетті адамдардың ортасынан бойыңызды аулақ ұстауға тырысыңыз. Егерде ондай ортаға тап болсаңыз, олардың өміріне жақсы нәрселер, қуанышты жағдайларды енгізіңіз. Құранда айтылған: Тек иман еткендер және соған сай (өздерін һәм бүкіл қоғамды түзеуге бағытталған) игілікті істер атқаратындардың, сондай-ақ бір-біріне ақиқатты насихаттайтындар және (қайғы­қасіретте, ауыртпалық түскенде, сондай-­ақ тура жолдан таймау һәм асау нәпсі мен әзәзіл шайтанға ермеу мәселесінде) бірін­бірі сабырға шақыратындардың жөні бөлек[2].

4) Берекесіздік. Ретсіздік сіздің көңіл-күйіңізге кері әсерін тигізбей қоймайды. Керісінше тазалық пен тәртіп өзіңізді жайлы сезінуге әкеледі. Тазалық - иманның жартысы. Тазалық пен реттілікті сақтауға тырысыңыздар, бұл уақытты дұрыс пайдалана білуге де қатысты. Сонда өз өзіңізге көңілініз толмау сезімі болмайды.

5) Кеш ұйықтау. Ұйқыға кеш жататын адамдардың күйзеліске тез ұшырайтынын ғалымдар дәлелдеген. Бірақ соған қарамастан, көпшілігіміздің жатар алдында жұмысымыз бастан асып жатады, ұйықтамасақ та соны орындаймыз.

Құранда айтылған: «Алла сіздерге түнімен демалсын деп түнді жаратты және жарық болу үшін күнді жаратты. Ақиқатында, Алла адамдарға рақымдылығын көрсетеді, бірақ адамдардың көпшілігі қайырымсыз» (40:60).

6) Зиянды тағам. Зиянды тағам миға кері әсерін тигізеді. Құранда айтылған: Ендеше, уа, адамдар! (Алла сендер үшін жер бетін тіршілікке жайлы тұрақ етті, олай болса) жердегі барлық нығметтердің адал, тазасынан (әрі денсаулыққа пайдалысынан) жеп-ішіңдер. (Кәпір көсемдер мен оларға ергендерді азғырушы) шайтанның басқан ізімен жүрмеңдер. Шүбәсіз, ол сендерге анық дұшпан[3].

Тағамға тек халал нәрселерді, орташа мөлшерде пайдаланыңыздар. Жеміс-жидектерді, көкеністерді, балықтарды, жаңғақтарды, балды көбірек жеңіздер, бұл денсаулыққа пайдалы, әрі көңіл-күйлеріңізді жақсартады!

7) Жатар кезде экран алдында тым көп уақыт өткізу. Зерттеулерге сәйкес, телефонның жарық экраны ұйықтар алдында ағзада мелатониннің, яғни тек қараңғыда бөлінетін және адамның көңіл-күйін реттейтін гормондардың көп бөлінуіне әкеледі. Келесі ережелерді қолданыңыз: ұйықтар алдында 15 минут бұрын Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.у.) кеңес берген арнайы дұғаларды оқыңыз. Зікір етумен аяқтаңыз.


[1] «Жәсия» сүресі, 20-аят
[2] «Аср» сүресі, 3-аят
[3] «Бақара» сүресі, 168-аят

 
0 пікір