Құдайға көркем қарыз беру
Құдайға көркем қарыз беру
1 ай бұрын 1996

 

 مَّن ذَا الَّذِي يُقْرِضُ اللَّهَ قَرْضًا حَسَنًا فَيُضَاعِفَهُ لَهُ وَلَهُ أَجْرٌ كَرِيمٌ

«Әлде кім Аллаға көркем қарыз берсе, сонда Алла оны неше есе арттырады да (өтеуін еселеп қайтарады да) оған көркем сауап береді».  Құран Кәрім, «Хадид» сүресі, 11 аят.

 وَمَا لَكُمْ أَلَّا تُنفِقُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَلِلَّهِ مِيرَاثُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ

«Алла жолында мал жұмсамайтындай сендерге не болды? Негізінен көктер мен жердің мұрагерлігі Аллаға тән...».

Құран Кәрім: «Хадид» сүресі, 10 аят.

Алла Тағалаға қарыз беру дегені – Алла жолында амал қылу, Оның ризалығы үшін жәрдем көрсету және қаражатын қайырға жұмсау. Өйткені, Алла Тағала ештеңеге мұқтаж емес. Ол – мұңсыз. Аятта да айтылғандай бүкіл байлық Алланың ғана иелігінде. Ол өзінің шексіз мейірімімен Өзіне тиесілі мүлікті бізге сыйлап, ал бізден оның бір бөлігін Өзі бұйырған жерлерге жұмсауымызды сұрап, кейін оны еселеп қайтаратындығын уәде етеді.

Құдай Тағаланың астарлы түрде «көркем қарыз» деп бізден сұраған нәрсесі, негізінде біздің дүниедегі және ақыреттегі бақытымыздың қамы үшін ғана. Яғни, Құдай жолында істелген қызметтер мен кәміл адам тәрбиелеу жолындағы (жақсы мұсылман тәрбиелеу жолындағы) амалдар дүниеде де, ақыретте де босқа кетпейді. Өйткені Жаратқан Ие бұларды Өзіне берілген көркем қарыз деп жазып қояды. Уақыты келгенде оны бізге еселеп, артығымен жоғары бағада сый етіп қайтарады.

Сондай-ақ, бұл қарызды Аллаға қаншалықты қиын жағдайларымызда берсек, оның құны соншалықты өсіп, сыйы да (қарымтасы да) жоғарылай бермек...

 

«Ықылас пен тақуалық» атты кітаптан

0 пікір