Күнәні тәрк ету – ізгі іс істегеннен де артық!
Күнәні тәрк ету – ізгі іс істегеннен де артық!
3 жыл бұрын 3938

Әбуль Қасым ибн Мұхаммед айтады:

«Сахаба Абдулла ибн Аббас радиаллаһу анһқа бір кісі мынадай сауал қойды:

- Сіз үшін көп күнә жасайтын, бірақ ізгі амалы да көп адам артық па, әлде ізгі амалы аз болғаны сияқты, күнәсі да аз адам артық па? – дейді. Сонда ардақты сахаба:

- Мен үшін күнәсі аз мұсылман артық! – деп жауап берді.

Кейбір дана кісілар айтқан:

«Тағат-құлшылықты әр адам орындауы мүмкін. Бірақ шынайы кәрім, ол – күнә істемейтін адам» - деген.

Фәһиқ ғалым, Әбу Ләйс Самарқанди бұл жайында былай деп өз ойын білдіреді:

«Алланың кітабы Құран Кәрімде күнә істемеудің – сауапты амал істеуден абзалырақ екендігіне дәлел болар аят бар. Мәселен, Алла Тағаланың мына бір аяты кәримасында: «Кім игі іспен келсе, оған оның он есесі бар»[1] дей отырып, игі іске қатысты «келсе...» деп, онымен бірге ақыретке келуін шарт қойып отыр. Ал, күнәға қатысты тек «тәрк ету керектігін» ғана айтып, ақыретте қарымтасын алу үшін басқа талап қоймаған: «Кім өзін нәпсісі соққан нәрседен тыйған болса, шынында жәннәт – оның барар жері!» - делінеді аятта[2].   

Негізінен алып қарағанда, күнә істі істемей, оны тәрк етудің өзі – амал еткендік. Сондай-ақ, ізгі іс істеп, сауапты амал жасау, және де намаз оқып, жиі ораза ұстау, садақа беріп, мұқтаж адамға жәрдемдесу т.б. осы сияқты сауапты істердің де дінімізде орны ерекше екендігі сөзсіз. Тіпті аятта «жақсылықтар жамандықтарды жояды» деген. Істеген сауапты істері белгілі дәрежеде күнәсінің кешірілуіне септігін тигізуі әбден мүмкін. Сондықтан да, күнә істемесем болды, сауап істемей, тағат-құлшылықтарды орындамай жүре берсем болады екен деп түсінбеу керек. Бұл жерде, салыстырмалы түрде қайсысы абзалырақ деген сұраққа жауап беріліп отыр, әрі күнә істеудің ауыр нәрсе екендігін астарлы түрде ұғындырып отыр. Бір ғалымға әлдекім келіп:

- Садақа, зекет беруге мүмкіндігім жоқ - дегенде, ғалым оған: 

- Күнә істерді тәрк ет, - деуінің де астарында осы мән жатыр.


[1] «Әнғам», 160 аят.
[2] «Назиғат» сүресі, 40-41 аяттар.

0 пікір