Көзі нашар көретін адамға оқылатын дұға
Көзі нашар көретін адамға оқылатын дұға
6 ай бұрын 5569

Мединелік ансарлардан болған Осман ибн Хунайф есімді сахаба, көзіне шипа тапқан бір кісінің оқиғасын жеткізген. Ол оқиғаны Осман ибн Хунәйф (р.а.) былай әңгімелейді:

«Бір көзі соқыр ер адам Алла елшісіне (с.а.у.) келіп:

- Уа, Расулалла! Мен үшін Аллаға дұға етші, маған (көзіме) саулық берсін, - деп өтініш білдіреді.

Алла елшісі (с.а.у.) оған:

- Егер қаласаң, бұл (өтінішіңді) ақыретке қалдыр, олай етуің сен үшін абзалырақ болар еді. Қаласаң дұға етейін, - деп айтады.

Әлгі зағип жан:

- Жоқ. Маған дұға етсеңіз, - деп, көз жанарының оралуын сұрауын өтінеді. Сонда Алла елшісі (с.а.у.) оған дәрет алып келіп, артынан екі рәкәғат намаз оқы дейді, намаздан кейін мына дұғаны оқы деп үйретеді:

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ وَأَتَوَجَّهُ إِلَيْكَ بِنَبِيِّكَ مُحَمَّدٍ نَبِيِّ الرَّحْمَةِ، إنى أتوجه به فِي حَاجَتِي هَذِهِ فَتُقْضَى.

وَقَالَ فِي رِوَايَةِ عثمان بن عمر: فَشَفِّعْهُ فِيَّ، قَالَ: فَفَعَلَ الرَّجُلُ فَبَرَأَ،

«Аллаһумма инни әсәлукә, уә әтәуәжжәһу иләйкә, бинәбиикә Мұхаммәдин Нәбиир рахмаһ. Инни әтәуәжжәһу биһи фи хәәжжәти һәзиһи, фәтуқдо».

Әлгі кісі Алла елшісі айтқандай орындайды. Лезде көзі айығып кетеді. Бұл жағдайды жеткізген Осман әңгімесінің соңында: «Аллаға ант етейін, сол жерден айырылмай тұрып әрі көп уақыт өтпей тұрып, әлгі кісі келді, көзі ешқашан көр болмаған сияқты (жазылып) келді», - дейді1.

Ендеше, көзі нашарлаған кісі алдымен окулистке көрініп, оған қосымша екі рәкәғат намаз оқып, осы дұғаны оқысын:

«Аллаһумма инни әсәлукә, уә әтәуәжжәһу иләйкә, бинәбиикә Мұхаммәдин Нәбиир рахмаһ. Инни әтәуәжжәһу биһи фи хәәжжәти һәзиһи, фәтуқдо». 

Сондай-ақ, мына дұғаны да оқығаны жөн: 

اللَّهُمَّ أذْهِبِ البأسَ رَبَّ النَّاسِ، اشْفِ أنْتَ الشَّافِي، لا شِفاءَ إِلاَّ شِفاؤُكَ شِفاءً لا يغادر سقما

"Аллаһумма! Әзһибиль-бә'сә Раббәннәси, Уәшфи Әнтәш-Шәфии. Ләә шифә-ә иллә шифәә-ук. Шифәә-ән лә юғодиру сәқомән!" 

Алла сырқат адамдарға емін дарытсын! Әлхамадулилләһи Раббиль аләмин!   


1Имам Тирмизи: «Сүнән»; Ибн Мәжә: «Сүнән».

0 пікір