Жасамаған игі ісіңнің сауабын беретін Ибраһимнің (а.с.) дұғасы
Жасамаған игі ісіңнің сауабын беретін Ибраһимнің (а.с.) дұғасы
8 жыл бұрын 6182 Асқар Болатбекұлы

فَسُبْحَانَ اللَّهِ حِينَ تُمْسُونَ وَحِينَ تُصْبِحُونَ * وَلَهُ الْحَمْدُ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَعَشِيًّا وَحِينَ تُظْهِرُونَ * يُخْرِجُ الْحَيَّ مِنَ الْمَيِّتِ وَيُخْرِجُ الْمَيِّتَ مِنَ الْحَيِّ وَيُحْيِي الْأَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا وَكَذَلِكَ تُخْرَجُونَ

Оқылуы: Фә субхаанАллаһи хиинә тумсуунә уә хиинә тус бихуунә уә ләһул-хамду фис-сәмәәуәәти уәл-ардый уә ‘ашиян уә хиинә туз һируунә юухрижуль-хайя минәл-мәйити уә юухрижуль-мәйитә минәл-хайи уә юухиларда ба‘дә мәутиһә уә кәзәликә тухражуун.

Мағынасы: Ендеше, кеш батырып, таң атырғандарыңда (яғни кешкі, түнгі және таңғы намазда) Аллаһтың мінсіз, кемшілік атаулыдан ада екенін айтып жар салыңдар! Екінді және түскі уақытта (яғни, екінді және түскі намазында) да; көктерде де, жерде де бар мадақ пен шексіз шүкіршілік бір Өзіне ғана тән екенін айтып, жар салыңдар! Ол − өліден тіріні шығарады, тіріден өліні шығарады және (қыстағы) өлі жерді кейін (көктем келгенде) қайта тірілтеді. Міне, сендер де өлгеннен кейін дәл солай тірілтіліп, қабірлеріңнен шығарыласыңдар ("Рұм" сүресі, 17-19 аяттар).
Әбу Дәуудтің хадис жинағындағы бір хадис шәріпте ардақты Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһиуә сәлләм): «Кімде-кім таңертең мына аяттарды оқыса, сол күні ниеттеніп, бірақ, істей алмаған игі істерінің сауабын алады. Сондай-ақ, кімде-кім кешке оқыса, сол түні ниеттеніп, бірақ, істеп үлгермеген игі істерінің сауабын алады», − деген. Сондай-ақ, осыған байланысты Ахмәд ибн Ханбәлдің хадис жинағындағы бір хадисшәріпте Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Сендерге Алла Тағаланың Ибраһим пайғамбарды (а.с.) неліктен Халилім (досым) деп атағанын айтайын ба? Өйткені, Ибраһим пайғамбар (а.с.) күн сайын таңертең және кешке Хақ тағаланы аталмыш аяттарды оқып ұлықтайтын еді», − деген.

" ‘ " - айн дыбысының белгісі

Сунәну Әбу Дәууд, Китәбу әл-әдәб 4414;
Муснәду Ахмәд, Муснәду әл-мәккиин 15081

0 пікір