Жаһандану жағдайында ТМД елдеріндегі мемлекет және дін қатынасы
Жаһандану жағдайында ТМД елдеріндегі  мемлекет  және  дін қатынасы
6 жыл бұрын 3898 kazgazeta.kz
Бағдат БЕЙСЕНОВ, Философия ғылымдарының докторы, ҚазҰУ доценті

Жаһандану үдерісі  адамзат қоғамының  барлық  салаларын  қамти отырып әмбебап  жаңа  тұрпаттағы  өмір салттық және дүниетанымдық  ұстаным қалыптастыру үшін түрлі жобалар тудыруда. Қазіргі  әлемде  мемлекеттің діни  жағдайы мен  конфессияралық  қатынасына ықпал  ету белді саясы ойыншылардың  құралына  айналды. Бұрынғы Кеңестер одағы  аясындағы елдердің қоғамдық-саяси өміріндегі  діннің  орны  мен  рөлін зерделеу  бүгінгі  дінтанулық  зерттеулер үшін маңызды  болып  табылады. Жаһандану заманында  діннің  саясатқа  ықпал  етуі, яғни  діннің  саясилануы  нақты  мемлекеттің   дін  саласындағы  саясатымен  байланысты көрінеді.Қазіргі таңда ұлттық сананың өсуі діни сана мен  діни  мінез  -құлыққа да ықпал етуде. Зайырлы  мемлекеттік  қағиданы  ұстанатын елдерде  дін  мемлекет  халқын  ұйыстырушы  тұғыр  ретінде  қаралуда. Қоғамдық өмір ықпал етуші діни сананың қайта өрлеуі және діндарлық  құрамы мен құрылымының  өзгеруі, жаңа діни ілімдердің таралуы, мемлекеттің дін саласын  реттеу  тетіктерін  жетілдіруі  және  қадағалауды күшейтуі достастық  елдеріндегі  діни  ахуалдың  басты ерекшелігі.

ТМД  елдерінде  дін мемлкеттік және ұлттық бірегейліктің, қауіпсіздік пен ұлттың рухани бірігуінің негізгі тұғырының бірі ретінде  қарастырылуында. Сонымен  қатар, дін  мемлекеттіліктің, қауіпсіздіктің және  рухани дербестіктің маңызды мәніне айналды. ТМД елдеріндегі дін саласындағы  үдерістерді  зерттеу  мен  талдау осы  аймақтағы діни  суреттеменің нақты  жағдайын  пайымдауға  жол  ашады. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Әлемдегі оқиғаларды  ой елегінен  өткізіп, қорытынды  жасау - қоғамның да, саяси  партиялар мен  қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де  ауқымды  дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі» [1]. (N.A. Nazarbaev. 14.04.2017) - деп төрткүл дүниеде болып жатқан  маңызды оқиғаларды  талдай отырып, заманауи  өмір  сұранысына  сай  білім  алу мен  білікке  ие болу  қажеттігіне назар аударды. Көрші  елдердегі діни  жағдай  мен  ондағы үдерістерді  талдау  арқылы болашақ дінтанушылардың  кәсіби  біліктілігі  мен құзырлы бейінді  даярлығын  арттырамыз.ТМД елдеріндегі мемлекет  пен дін  қатынасының қыр-сыры,ерекшеліктері мен  ортақ  тұсы, аймақтағы діни ахуалға ықпал  етуі  мүмкін  түрткілер және алғышарттарды ,діни  сана  мен мінез-құлықтың  ерекшелігі мен  ортақ тұсын, діндарлық құрылымы мен денгейін,діни мәдениетін  талдау арнайы курсты даярлау мен  оқытуда қолданылуы қажет. «ТМД-ның барлық  елдеріндегі жағдайды діни жаңғыру ретінде сипаттауға болады. Бүгінде дін жергілікті тұрғындардың басым көпшілігінің өмірінің маңызды бөлігіне айналды және сол себепті дінді  әлеуметтік фактор ретінде қарастыруға болады» [2]. ( Viktor Budkin.2007)    

Украинадағы мемлекет пен дін қатынасы. 1990 жылдары бұрынғы кеңестер одағындағы саяси өмірдің либерализациялануы, қайта құру және жариялық  саясаты нәтижесінде Украинаның батыс аймағында ұлттық сананың өсуі діни санаға да ықпал етті. Украинаның батыс және шығыс өңірінде қалыптасқан ұлттық  құрам елдегі діни-саяси ахуал  мен ұлттық бірегейлікке  әсерін тигізуде.

Украинадағы канондық тұрғыда мойындалмаған Киев патриархатының Украина православ шіркеу тарихы 1992 жылдан басталады. Бұл діни құрылым 1992 жылы Мәскеу патриархатының УПШ басшысы митрополит Филареттің бөлінушілік қызметінің нәтижесінде пайда болды. 1990 жылы Мәскеу патриархы Пимен қайтыс болған соң өткізілген патриархтық таққа сайлауға қатысқан  митрополит Филарет жеңіліс тапты. Мәскеу патриархы болып  ІІ Алексий таққа отырды. Патриахаттық діни лауазымды көздеген Киев  митрополитінің  дербес  таққа  деген  құлшынысы  жеке патриахаттың құрылуына  түркі болды.1990 жылы қарашада УПШ Синоды шешімімен І Поместьелік Собор өтті. Соборда УПШ жаңа жарғысы қабылданды. Бұған дейін УПШ басшысына Киев және бүкіл Украин митрополиті мәртебесі берілген болатын. 1991 жылы қараша айында өткен УПШ Соборында бұл шіркеудің автокефальдылығы туралы шешім бір ауыздан қабылданды.

1992 жылы сәуірде өткен Архиерей Соборына УПШ тарапынан 20 архиерей қатысқан. 1995 жылы қазанда Филарет Киев патриархатына қарасты Украин ПШ патриархы болып сайланды. 1992 жылы маусымда өткен Мәскеу патриархаты ОПШ Архиерей Соборында митрополит Филаретті шіркеулік және діни лауазымдарынан айыру туралы қаулы қабылданды.

 1997 жылы ОПШ Мәскеу патриархаты митрополит Филаретке анафема (қарғыс) жариялады.  1992 жылы маусымда Киев патриархаты  православ шіркеуінің  құрылтай Соборы өтті. Шіркеу өз тарихын Константинополь ПШ юрисдикциясында болған Киев митрополиясынан бастайды. Киев патриархатының Украина православ  шіркеу өзінің 1687 жылы Мәскеу патриархатының юрисдикциясына кіру заңдылығын мойындамайды. 2008 жылы Киев Русінің шоқынуының 1020 жылдығына арналған мерекелік салтанатында Ғаламдық Константинополь патриархы І Варфоломей Киев митрополиясының Мәскеу патриархатына 1687 жылы берілуін Мәскеу патшалығының Украинаны аннексиялауынан туындағанын атап көрсетті.  

 Киев патриархаты канондық емес  Македония ПШ және Черногория ПШ евхаристиялық қатынас орнатқан. 1990 жылы қаңтарда ОПШ Архиерей Соборы Украин және Белорусс экзархаттарына кең автономия беруге шешім қабылдады. Украина ПШ және Белорусс ПШ атауына ие болуға және Синод құруға , өз аумақтарындағы епархияларының сот ісі, заң шығару, атқару биліктеріне өкілдіктер берілді.

Қазіргі таңда Украинада Мәскеу патриархатының УПШ және Киев патриархатындағы УПШ  және  Украин автокефальды православ шіркеуі әрекет етуде.Әлемнің поместьелік православиялық шіркеулері тек МП УПШ канондық тұрғыда мойындаған.Қазіргі таңда МП УПШ және КП УПШ  арасында мүліктік даулар туындауда. МП УПШ  ғаламдық  православиялық патриархат мойындаған  Украинаның  канондық  шіркеуі болып табылады.Деректер  бойынша, МП УПШ  қарасты  45  епархия,12  мыңнан аса  приход,20  оқу орны,3  лавр  және 4,5  мың  монахтар  қызмет  жасайтын 183  монастырлар  бар.Украин  православтарының 39  пайызы  МП УПШ  діндарлары  болып  табылады. МП УПШ  жаңа икондар мен  фрескаларды, дұғаларды  жаңаша  түсіндіруді қабыл  алмайды. Құлшылықта  шіркеу  славян тілі  қолданылады.

КП УПШ  канондық мәртебе берілмеген. КП УПШ жаңа  икондар мен  фрескалар  қабылданған. Құлшылықта украин тілі  қолданылады.Қазіргі жаңа  заң МП УПШ  дінбасыларын  тағайындауға мемлекеттік органның  келісімін  алуға  міндеттейді. МП УПШ  шіркеулері  қайта  тіркеуден  өтуі  және  тәуелсіз  сарапшылардың қорытындысын алуы  тиіс.Украинаға  келуші шет елдің  дін  уағызшылары  арнайы  рұқсат алуы тиіс. Украина  православ шіркеулері түрлі ішкі  және  сыртқы саяси күштер тікетіресінің қолжаулығына айнала  бастады. 

Бүгінде  МП  УПШ  қарасты  ғибадханаларға баратын мемлекеттік қызметкерлер  мен  саясаткерлерге  теріс көзқарастар  қалыптасуда.Елдегі қалыптасқан  қоғамдық-саяси  ахуалға МП УПШ, КП УПШ  және автокефалды  православ  шіркеуінің  діни қауымдарының  да  ықпал  әсері  бар. Украинада  дін ұлтты біріктіруші және қоғамды  ұйыстырушы фактор ретінде  қызмет  атқармауда. 2016 жылы ақпанда Гавана қаласының әуежай ғимаратында Мәскеу және Бүкіл Ресей патриархы Кирилл және Рим папасы Франциск арасында мың жылдан кейінгі тарихи кездесу өтті.Батыс және Шығыс христиандық тарихындағы даулы мәселелер мен қақтығыстың салқыны бұл кездесуге ауыртпалық түсірмеуі  үшін  кәрі құрлықта емес латын америкасында жүздесті. Тарихи  кездесуде Украинадағы грек католиктік шіркеуі (униатизм), Украин православ шіркеуі, Украинадағы саяси-діни жағдай қозғалды.

Украинада украин-грек католик шіркеуі шығыс ғұрпындағы поместьелік КШ болып табылады. Шіркеу басшысының жоғарғы архиепископтық мәртебесі бар. 2005 жылы тамызда УГКШ резиденциясы Львов қаласынан Киев қаласына көшірілді. УГКШ құрылымдық тұрғыдан 4 митрополияға біріккен. Басқару органы – Синод. 16 діни оқу орны және 20 аса баспасөз құралдары  бар.УГКШ елдің батыс аймақтарында орналасқан.

Украинадағы латын ғұрпындағы католиктер 6 диоцезге біріккен.1994 жылы латын ғұрпындағы католиктік епископтарды біріктірген конференция құрылды.

Беларус - республикасы  зайырлы  мемлекет. Беларус халқының 82 % астамы православтар болып табылады. Белорусияда 1989 жылы Мәскеу патриархатының БПШ экзархаты құрылды. Бұл шіркеудің 10 епархиясы және 5 діни оқу орны бар. Белоруссиядағы грек католик шіркеуінің тарихы 1596 жылғы Брест униясынан бастау алады. Белоруссиядағы грек католиктер өз ғұрыптарын сақтаған, әкімшілік тұрғыдан Рим Папасына бағынышты. 1992 жылы  Беларуста  мемлекет  және дін қатынасын  реттейтін  Діни  сенім бостандығы және діни  бірлестіктер алғашқы  заң   қабылданды.Қоғамдағы діннің саяси-құқықтық  мәртебесінің өзгеруіне  және  қоғамның діни  өмірін  реттеу мақсатында 2002 жылы Діни  сенім бостандығы және діни  бірлестіктер заң   қабылданды. 2003 жылы Беларус  республикасы  және  Белорус  православ шіркеуі  арасында  ынтымақтастық  келісіміне қол  қойылды. 2004  жылы Белорус  православ шіркеуі  және  Беларус Ұлттық  ғылым академиясының  өзара ынтымақтастық  бағдарламасы  жасалды. Бағдарламаның  мақсаты - діни жағдайды талдау және  діни-философиялық, рухани-адамгершілік, тарихи-мәдени тақырыптар бойынша іргелі және қолданбалы біріккен  ғылыми зертеулер жүргізу. 1994 жылы бүкіл беллорус  мұсылмандарының  конгресінің құрылтайы  өтті. Ел  аумағында  30 аса  мұсылман діни бірлестіктері  бар. 2016  жылы  Минск  қаласында Түркия діни басқармасының  қолдауымен мешіт салынды.

Оңтүстік Кавказда мемлекет-дін қатынастары  нақты елдегі қалыптасқан  тарихи-мәдени  жағдаймен ерекшеленеді.  

Грузия - зайырлы  мемлекет. 2009  жылы  Грузия ТМД қатарынан ресми түрде  шықты. Грузия халқының басым бөлігі православтық сенімді ұстанады. Ежелгі  Грузия  христиандық   327  жылы  қабылдаған. Грузия православ шіркеуі 457  жылы Антиохия шіркеуінен автокефалия алды. 1811 жылы  патшалық  Ресей  ГПШ автокефалдық мәртебесінің күшін  жойды.1917  наурызда  ГПШ дербестікті  қайтарып  алды.1943  жылы МП  ОПШ бұл дербестікті ресми мойындады. 1990 жылы  ғаламдық  патриархия  ГПШ автокефалиясын ресми мойындады. Ел  халқының 10%  жуығы мұсылмандар. Грузияның шииттік сенімдегі  мұсылмандары (әзірбайжандар) Кавказ мұсылмандар басқармасының  қарауында. Бұл  тарапқа иран  ықпалы  басым. Аджарлық  мұсылмандар-сүнниттік сенімде. Бұл  аймақта түрік  діни  орындары мен дін ұстаздарының ықпалы  басым. 2011 жылы  грузия билігі  ел  мұсылмандарын түрік  және  иран ықпалынан  алып шығу мақсатында Грузия мұсылмандар басқармасын құрды. Бұл шешімге Кавказ мұсылмандар басқармасы қарсылық танытты. Ел мұсылмандар аджарлар  және  абхаздардың біраз  бөлігі сүнниттік сенімді  ұстанады. 2001  жылы  грузия  үкіметі  және  ГПШ  арасында  жасалған  келісім  бойынша  шіркеу  бірқатар  жеңілдіктерге ие болатын.  2011 жылы елдің  рухани  саласында ГПШ едәуір  басымдықтарынан  айырылды. 2011 жылы  шілдеде грузия  парламенті  Еуропа Кеңесі  мүше  елдерінің  бірінде  ресми  мәртебеге  ие  діни  бірлестіктерге  ел  аумағында  заңдық  мәртебе  беру  туралы  шешім  қабылдады. Бұл  елдің  азаматтық  кодексіне енгізілді. Бұл  шешімді  Грузия  православ шіркеуінің  Қасиетті Синоды  арнайы  жиналысында  патриарх Илиия Грузия  және ГПШ  ұлттық  мүдддесіне  қайшы  деп  жариялады. 2014  жылы  құрылған  дін  істері  бойынша мемлекеттік агенттік  қызметі дін  саласында ақпараттық, зерттеу және  ағартушылық  жұмыстарды үйлестіреді. Ел  аумағында 6 армян апостол  шіркеуінің ғибадатханалары бар. Сонымен  қатар, орыс православ  шіркеуі, ескі ғұрыпшылар шіркеуі, католиктік, протестанттық шіркеулер  жұмыс  жасайды. Елдегі  6  армян  апостол  шіркеулеріне  қатысты  ГПШ және армян апостол шіркеуі  арасында  даулар  туындауда.

Армения  - зайырлы  мемлекет. Армения  халқының  92,6 пайызы  армян апостол шіркеуінің,1 пайызы  армян  евангелшіл  шіркеуінің, 0,5  пайызы  армян католик  шіркеуі  ілімдерін ұстанады. Сонымен  қатар, елде  православ, мұсылман және  иудей, езид сенімін ұстанатындар  бар. Христиандықты көне Арменияға I ғасырда  апостолдар  Фаддей және  Варфоломей  алып  келген деп  есептеледі. 301 жылы III  Трдат  патша  жарлығымен христиандық  мемлекеттік дін  болып  жарияланды. Армения  христиандықты  мемлекеттік дін ретінде жариялаған  алғашқы мемлекет. Армян апостол шіркеуі  ориенталды  православ  шіркеулер қатарында. 1441 жылдан  Армян апостол шіркеуі басшысы патриарх-католикостың  резиденциясы Эчмиадзин  монастырында.Католикос қарамағына –ТМД  елдеріндегі және  Еуропа, Мысыр, Иран, Америка, Австралия епархиялары кіреді. Стамбул және Иерусалим армян патриархтары католикосқа бағынышты. Арарат жазығында езидтер тұрады. Езидтер  және  күрдтердің  біраз  бөлігі  шарфанид  сенімін  ұстанады. 2012 жылы  езидтердің «Зиарат» ғибадатханасы ашылды. Ислам дінің күрділер, парсылар, әзірбайжандар ұстанады. Ераван қаласындағы көк мешіт 1766  жылы салынған. 1988-1990 жылдары Таулы Қарабақ  қақтығысы  және  ұлтаралық  жанжалдардан  кейін  әзірбайжандар  Әзірбайжанға  қоныс  аударды.Армян апостоль шіркеуі  және Грузия  православ  шіркеуі арасында екі  ел  аумағындағы  шіркеулерге  қатысты даулар  шешімін таппай отыр. Армян апостол шіркеуінің құлшылық  көне грабар тілінде, ал уағыз  армян  тілінде өтеді. Армян апостоль шіркеуі  ресми  мәртебеге ие. «Армения Республикасындағы мемлекеттік-шіркеу қатынастарының жүйесінде Армян апостол шіркеуі - негізгі саяси факторлардың бірі, яғни  армян бірлігінің іргетасы, диаспораның бірлігі, елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың, сондай-ақ оның болашағының кепілі .Армян апостол шіркеуі – дүние  жүзінде шашыраған халықтың ұлттық идеясының қайнар  көзі» [3]. Сонымен  қатар, армян  евангелшіл  шіркеуі  және  армян  католик шіркеуі,молокондар  рухани - христиандар  қауымы бар. 

Әзірбайжан - зайырлы мемлекет. 19 ғасырдың соңында мұнай тапқаннан кейін Баку мен Әзірбайжанның өзге қалалары көпұлтты болды, ал ауылдық жерлер көбінесе әзірбайжандықтар болып қала берді. Әзірбайжан халқының 60-65%  пайызы шииттіктің имамшылдық ілімін  ұстанады,30-35 % сүнниттік сенімде. 1944 жылы Кавказ мұсылмандар діни басқармасы құрылды. Сүннит мұсылмандарының  басшысы-мүфти, ал шиит мұсылмандарының басшысы-шейх-ул-ислам мәртебесіне ие. КСРО ыдыраған соң 1992 жылы Кавказ халықтарының  жоғары діни кеңесі құрылды.Кавказ мұсылмандар басқармасының  жарғысы бойынша  басшы – шиит, орынбасары-сүннит  болуы  тиіс.1992  жылы« Діни  сенім  бостандығы»  туралы  Заң  қабылданды.2009 жылы  бұл заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. 2001  жылы  дін  саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы  діни  ұйымдармен  жұмыс  бойынша мемлекеттік  комитет  құрылды. 2002  жылы  мамырда Бакуге II Рим папасы  Иоанн  Павел  ресми  сапармен  келді.Ватикан  басшысы елдегі  дінаралық келісім мәдениетіне  жоғары баға берді.

1991  жылдан ел жастары  түркияның  діни оқу  орындарынан  білім алды. Елдің  зиялылары  бауырлас  түрік халқының  ұстанатын  ханафи мазхабын  насихаттауға көңіл аударға  шақырды және осы  мазһабқа ұстану  ұлттық және діни бірегейлік негізі екендігін алға тартты.Әзірбайжанда  Түркиялық  діни оқу  орындары  ашылып,онда түрікиялық дін  ұстаздары  қызмет жасауда. 2010 жылы  мектепте  хижаб  киюге тыйым  салынды. 

2016  жылғы  түркиядағы   мемлекеттік  төңкеріс әрекетінен соң гүлендік  іліммен байланысты оқу орындар жабылды. Ханафиилік діни  әдебиеттер  шығаруға көбіне түркілік  бірегейлікті ұстанған  түркиялық  қайырымдылық қорлары демеушілік жасайды.Сонымен қатар, Иран  да  діни  жағдайға ықпал жасауға ұмтылуда. Атеистік-коммунистік  жүйеден кейін қалыптасқан  діни ахуалға Парсы бұғазы елдері де ел аумағында салафиилік сенімді насихаттауға ықпал  жасауға  ұмтылды. Батыс және Парсы бұғазы  елдерінің  мүддесі бұл  аймақтан Иранды  оқшаулау мақсатымен  үндеседі. Әзірбайжанның дәстүрлі  діни іргетасы  мен  шииттік  діни  қағидаларға қайшы неосалафиилік идеология 1990 - 2000  жылдары  кедергісіз насихатталды. Бұл  ресми биліктің  батыс  санкциясындағы шииттік  Иран ықпалынан қашқақтау мақсатынан  туындады. Неосалафиилік ілім  этноаймақтық  діни  құбылыс  ретінде  елдің  солтүстік және солтүстік-батысында  таралған. Неосалафиилік орталықтар қалалар  мен  дағдарысты аймақтарда  орналасқан. Дағыстанмен шекералас аймақта сүннниттік  сопылық  тарикаттар  бар. Кусар, Хачмазе, Кубе, Закатале, Исмаиле елді мекендерінде  тұратын  лезгиндер  сүнниттік бағыттың  шафий  мазхабын ұстанады. Мешіттерде уағыздар әзірбайжан  тілінде  жүргізіледі. Сүнниттік  және шииттік, салафиилік пен  шииттік, салафиилік  және  сопылық жамағаттары арасында  ақидалық  келіспеушілік діни алауыздықтарға  түрткі  болуы мүмкін. Ел  аумағында  православ, католик, жетінші күн  адвентистері, тау еврейлері, Бахаи діни қауымдарының  бірлестіктері  бар.

ТМД  елдері секулярлы  мемлекеттер және қоғамдық-саяси  қатынастар  зайырлы  тұрғыда. Бұл  мемлекеттердің тарихи-мәдени және саяси қалыптасу жолдары белгілі бір дін  мен  діни  мәдениет  аясында  жүзеге  асқан.ТМД мемлекеттеріндегі  діни ахуалды талдауда  ішкі және  сыртқы  факторларды, жаһандық  және аймақтық  ойыншылардың  тактикалық және  стратегиялық  мүдделерін назарға алған  жөн.Алпауыт елдердің геосаяси  және  геоэкономикалық  мүдделер  қақтығысы аймақтағы қалыптасқан  діни-саяси жағдайға ықпал  етуің  жоққа  шығаруға  болмайды.Ықпал  ету  және жауапкершілік аймағын кеңейтуді көздеуші  елдердің  түрлі  жобаларының діни астары  алауыздық пен секемшілдік тудырушы діни идеологияны тарату.Қоғамдық  сана мен пікірде дінге қатысты күмәнді  ілімдер тудыру  мен  тарату  жолымен  дәстүрлі  діни сана мен діндарлықтың  тарихи  қалыптасқан  құрылымына  өзгерістер  жасау қазіргі діни  жобалардың  негізгі мақсаты. Суық соғыс  уақытынан кейін  коммунисттік  мен капиталисттік  идеологияның орнын  діни ұлтшылдық  иеленді. Діндердің саясилануы  заманауи діни-саяси  үдерістерге  тән  құбылыс. Кейбір  елдерде  болған түрлі-түсті төңкерістердің  діни  астарлары да  бар. XXI  ғасырдағы  саясатты  жаңғыртуда  дін маңызды рөл атқарады. Діни ілімдер көмегімен нақты  қоғамда діндес, яғни  мүдделес діни  топтар  құру  арқылы  діни-саяси жағдайға ықпал  жасауды қалайтын алпауыт елдердің текетіресі  мен  кеудемсоқтығы  тұрақтылық пен  бейбіт  тіршіліктің  бүгіні мен болашағына қауіп төндіруші  қатер  болуы әбден  мүмкін.Халықаралық геосаяси күштердің  пиғылы  дінаралық және ұлтаралық жанжалдардың ушығуына  жол  ашып,әлемдік және  аймақтық денгейде  тұрақсыздық (соғыс, мигранттар мен  босқындар мәселесі)    тудыруда.  ТМД елдерінде мемлекет мен дін арақатысының ортақ  белгілері мен өзіндік ерекшеліктері бар. Атап  айтсақ,

- зайырлы мемлекеттік  ұстаным;

- Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың пәрменділігін арттыру  жұмыстары;

- Діни жағдайды реттеу және  қадағалаудың күшеюі;

- Дінаралық  келісімді  нығайту;

- Дәстүрлі  діни құндылықтарды  және  ғұрыптық  діндарлықты қолдау;

- Дінге- қоғамның рухани-адамгершілік дамуының  көзі  ретінде  қарау;

- Діни негіздегі  экстремизм мен террорлық идеологияның  таралуының алдын-алу  шаралары;

- Жат діни ағымдардың ұлттық  және  діни бірегейлікке  қатерін  айқындайтын жұмыстардың жүргізілуі;

- Діни негіздегі  партияларға  тыйым салу;

- Қоғамдық-саяси өмірге  дін  идеологияның  араласуына  жол бермеу;

- Сыртқы  күштердің діни ахуалға  ықпал  жасауына  тосқауыл  қою;

- Зайырлы   мемлекеттік  ұстанымға  сай  діни  білім  беру;

- Мемлекеттік органдардың  клерикализациялануының алдын-алу;

- Мемлекет-шіркеу  қатынасының саяси- құқықтық тарапына геосаяси күштердің араласуы;

- Теріс діни ағымдарға  сот  шешімдерімен тыйым  салынуы;

- Дәстүрден тыс  діндерге күмәнмен  қарау;

- Діни  ғұрыптар  мен рәміздерге зайырлы білім  беру орындары және  мемлекеттік  ұйымдарда тыйым  салу.

Қорытынды:

Қазіргі  уақытта  посткеңестік елдердегі қоғамдық-саяси үдерістерде діннің рөлі өсуде.Діни  жаңғырудың түпкі  себептерінің бірі дінді  танып  білуге деген құштарлық, әлеуметтік мәселелердің шешімін  таппауы,экономикалық  тұрақсыздық  пен  құндылықтар дағдарысы, әлеуметтік  және  мүліктік теңсіздік,кедейшілік, жұмыссыздық,әділетсіздік,ертенгі күнге үмітсіздік,жемқорлық адамдарды діннен пана  іздеуге  жетелейді. Сондықтан да ТМД  елдерінің  билік орындары  бұл  үдерісті қадағалауға  және бақылап,реттеуге тырысуда.Таяу  арада бұл елдерде мемлекет  және дін  қатынасын  жетілдіру жұмысы күшейе береді. Достастық  елдерінде   ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты орнықтырудағы діни  бірлестіктердің  атқаратын рөлін зайырлы мемлкеттік жүйеге  сай жүргізудің өркениеттік тиімді тетіктерін даяррлау  үшін   дәстүрлі  діндердің  әлеуетін қоғамдық сана мен психология ерекшелігі  мен  ортақтығын  ескере  отырып, тұрақтылық  пен  бейбіт өмірді нығайтуға  қызмет етуге бағыттау қажет. Көрші елдердегі қалыпты діни ахуалды сақтау және зайырлы  мемлекеттік қағиданы жетілдіру  үшін  дін  саласындағы  құзырлы органдардың   әріптестік пен өзара  іс-қимыл  бағытындағы тәжірибе  алмасуын қалыптастыру маңызды. Аймақтағы  тұрақтылық  пен діни қауымдар  арасындағы келісім   баршамызға ортақ адамзаттық құндылықтар негізінде  жүзеге  асады.

Қазіргі  аумалы-төкпелі  заманда конфессияаралық   келісім мәдениеті  қоғамдық-саяси тұрақтылықтың  негізгі тетігі болып  отыр. Сирия  мен  Ирак елдеріндегі    текетірестер  мен жанжалдар  өңірдегі  елдерге  тікелей және  жанама  ықпал  етуде.Сондықтан аймақтағы конфессияаралық қатынастарды  зерделеу  мен  талдау  кейбір  түйткілді мәселелердің алдын  алуға  септігін  тигізеді.Мемлекет пен  дін қатынасының  философиясы -өзараәріптестік және түсіністік .Қоғамдағы тұрақтылықты  сақтау мен нығайту  мемлекет пен  дін  қатынасының басты өлшемі.

 

Әдебиеттер

  1. Н.Ә. Назарбаев. N.A. Nazarbaev. Болашаққа бағдар:рухани  жаңғыру //Егемен Қазақстан. 14.04.2017
  2. Viktor Budkin, THE STATE AND RELIGION IN THE POST-SOVIET EXPANSE.http//:ca-c.org/c-g/2007/journal_eng/c-g-4/03.shtml,
  3. L. Kolesnikov. (1998) Armenia: problemy nezavisimogo razvitia.//Russian Institute of Strategic Studies, Moscow, p. 159.

 

 

0 пікір