Ішкі күш-қуатты қалпына келтіруге арналған 10 кеңес
Ішкі күш-қуатты қалпына келтіруге арналған  10 кеңес
6 жыл бұрын 8184 psihologia.kz
Аударған Меруерт БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

Адам баласы кем дегенде кейбір кішкентай биіктерге қол жеткізу үшін өмірде көптеген кедергілерден өтуі керек, бұл үшін адамға қажетті энергия мен ішкі рухани күш қажет екендігі белгілі. Түрлі қысым жағдайлар мен қоғамның асқан талаптары тарапынан адамның ішкі күштері күнделікті толығымен өзгеріп отырады. Кейбір кездерде адам болмысына қаптаған қиындықтар легі мен сәтсіздіктерге лайықты жауап қайтару қиынға соғады.

Психологтар адамның өз күштерін шоғырландыруға мүмкіндік беретін бірқатар әдістерді әзірлеген, олар өмірдің қиындықтарымен күресуге мүмкіндік береді. Олардың артықшылығы денеге зиян келтіреді, стресс пен неврозға әкеледі. Міне, сондай күрделі кезеңдерде өзіңізді ретке келтіріп, қалыпты деңгейде ұстап тұру жайында бірқатар ұсыныстар берілген.

Ішкі қуатты, ішкі күшті қалпына келтірудің 10 тәсілі

 1. Қиындықтар мінезді шыңдайды. Мәселелердің көбейіп кетуін, жүктелуін күтпеңіз, қиындықтармен күресіп, өзгерістерден қорықпаңыз. Әрбір батыл әрекет ішкі күшті дамытады және керемет нәтиже береді, мінезді жұмсартады және мүмкіндіктер мен қабілеттер ауқымын кеңейтеді.

2. Эмоцияларды басқару  қабілеті. Бірде-бір эмоция сіздің санаңызда ізін қалдырмай қоймайды, олардың әсері өте күшті, ең бастысы - бұл энергияны дұрыс жолға бағыттау,  өзіңді жоюға емес, жасауға мүмкіндік бергізу қажет.

 Теріс эмоцияларды қоршаған ортаға, басқаларға бағыттамаңыз, керісінше, оларды мәселелерді шешуге бағыттаған абзал. Мәселені шешуге барлық жігеріңізді жұмсаңыз,  содан кейін ғана нәтижеге таңданарсыз.

3. Қорқынышты жеңіңіз. Толығымен әрекет етуге кедергі жасайтын қорқыныштан құтылу мүмкін емес, бірақ оларды үйретуге үйреніңіз және бөлінген адреналинді энергияның қосымша көзі ретінде қолданыңыз. Егер адам қорқыныш сияқты күшті ынталандыруды басшылыққа алатын болса, көп нәрсеге қабілетті болады.

4. Екінші тынысты ашыңыз. Спортшылардың ортасында екінші тынысты ашу белгілі әрі өзекті мәселе. Егер сіздің өмірлік тонусыңыз  нөлге тең болса, сіз не болып жатқанын түсініп,  мың толғанып, дұрыс шешімді табуға мүмкіндік беретін тыныс алу кеңістігіне, демалуға өте мұқтажсыз, содан кейін бойға жаңа күш жинақтап "шайқасқа" барасыз.

5. Жақсы ойлау. Өмірдің қара түстеріне ғана үңіле бермей, әр кезде дұрыс (оң) ойлауға үйрену де адамнан соншалықты еңбекті талап етеді. Адамдардың көпшілігінде болған жағдайды қабылдаудың өзіндік стереотиптері бар, осы стереотиптерді бұзып, мәселелерге басқаша қырынан қарау керек.

6.  Қажетті шешімді қабылдау мүмкіндігі. Әрқайсысы өз еркімен шешім қабылдауға үйренеді, өмірдегі басымдықтарыңызды ұстана отырып, кедергілерден бұрын жолдан тайып кетпеуге шешім қабылдау жеткілікті. Шешім орындалуы керек және бұл ынталандыру басты орында  болу керек.

7.  Ұзаққа созбаңыз.  Шешім қабылданса, кейінге қалдырмай әрекет жасау қажет.

8. Энергияны жоятын адамдармен/энергетикалық қансорғыш/ байланысты  азайту. Мұндай адамдар жағымыз энергияны жояды, олармен тым көп байланыс жасамағаныңыз жөн.

9. Стреске төзімділік деңгейін жоғарылату. Бірдей жағымсыз оқиғалар орын алса да, әрдайым эмоциялардың  күйзеліске түсуіне себеп болмайды, бір рет шешілген мәселе екінші ретінде де шешіледі, жайымен қалпына келеді. 

10. Ішкі күш қалпына келтіріледі. Энергия мен ішкі күш, қуат таусылмайды, тіпті сізге күллі дүние жоғалғандай болып көрінсе де, бұл шаршағандықтан ғана болады. Алайда әрқашан ішкі рухани әлеміңізді ретке келтіріп, түлетіп, ізгілікпен гүлдендіріп отыруыңызды ұмытпаңыз! 

0 пікір