Хадис: «Алла ісін сапалы істейтін пендесін жақсы көреді» (Хадис тағылымы)
Хадис: «Алла ісін сапалы істейтін пендесін жақсы көреді» (Хадис тағылымы)
6 ай бұрын 1972

Айша анамыздан жеткен бір хадисте Алла елшісі (с.а.у.) былай деген: 

«- إنَّ اللهَ يحِبُّ إذا عمِلَ أحدُكم عملًا أنْ يُتقِنَه».

 «Алла Тағала сендердің бірілеріңнің бір іс істегенде сапалы істегенін жақсы көреді»3.


Түсіндірмесі: 

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жоғарыдағы хадисінен не үйренеміз: 

  • Біріншісі, жұмыс істеу және кәсіп, маман иесі болудың артықшылығы. Әзіреті Омар (радияллаһу анһ) халифа болып тұрған кезінде айтады екен: «Менің бір адамға назарым түссе ол жайында танитындардан: «ол кәсіп иесі ме?» деп сұраймын. Егер «жоқ» десе, көзімнен түседі (ұнамай қалады)» дейді екен.
  • Екінші үйренетін нәрсеміз, бір істі істегенде сапалы, жоғары деңгейде орындауға тырысу. Бұған байланысты ескілікті ғалымдар айтқан: «Алланың берекесі пенденің істеген ісіне қарай түседі. Егер пенде ісін сапалы әрі кемел түрде істесе, берекесі де артады, сауап та болады».
  • Үшіншісі: ісін сапалы істеген кісіге сауап жазылады. Себебі, ондай адамға ел риза болады, халық алғысын айтады батасын береді.
  • Төртіншісі, Алланың сүйіспеншілігіне бөленеді. Өйткені, ісін сапалы істеген пендесін Алла жақсы көреді. 

Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

0 пікір