Екі ел президенттерінің үстел теннисін ойнау пікірлері қалай туды?
Екі ел президенттерінің үстел теннисін ойнау пікірлері қалай туды?
2 жыл бұрын 2396

Жақында Қазақ елінің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның Түркия еліне іссапармен барып келгендігі белгілі. Іссапар барысында көптеген келіссөздер жүргізіліп, біраз мәселелер талқыланғандығы анық. Бірақ іссапар кезінде екі ел президенттерінің үстел теннисін ойнаулары күтпеген жайт еді. Екі президенттің ол қадамдары жұрт аузында, жалпы БАҚ көздерінде аз айтылмады. Екі президенттің бұл әрекетін тек Қазақстандық БАҚ өкілдері ғана жазған жоқ, Түркия елінің біраз журналистері де сүйсіне жазды, тіпті кейбір Түрік журналистері "үстел теннисін ойнау пікірі қайдан туды?" дегенге де жауап іздепті. 

«Бұл сурет мен үшін күтпеген жағдай болды, өйткені біз, мемлекет басшыларын үнемі қара-көк кастөм киген, ресми кездесу үстелдерінде немесе екіжақты кездесулерде байыппен келіссөздер жүргізіп жатқан кейіпте көреміз. Мойындау керек, мен бұл (бейнеден) адалдық пен ыстық ықыласты көрдім» - дейді Түркия БАҚ өкілдерінің бірі журналист Абдульқадир Сэлви өзінің www.hurriyet.com.tr сайтына жариялаған жазбасында. 

«Жалпы алғанда, ел президенттерінің ара-тұра спорттық және өнер іс-шараларында бас қосып тұруларын, тіпті мүмкін болса, белгілі бір демалыс күндерін бірге өткізулерін дұрыс санайтындардың бірі менмін. Мысалы, Америка президенттері анда-санда қонақтарын Кэмп-Дэвидте қабылдайды (Кэмп-Дэвид (ағылш. Camp David) — АҚШ президентінің қала сыртындағы резиденциясы). Әсілі, елдер арасындағы ынтымақтастық осындай негізде нығаяды. Біз де осы негіздерді арттыруымыз керек. Бір кездері Путин мен Буш бір топпен билеген тұғын. Осы орайда, әрине, Трамптың Сауд Арабиясында билеген әйгілі қылыш биін айтпай кетуге болмайды. Қазір әлем мұндай нәрселерден тым алыстап кеткен. Қазір ел президенттері бір-біріне зымыран ұшырумен әлек» - дейді түрік журналисті. 

Ал екі президенттің үстел теннисін ойнау пікірлері қайдан туды дегенге қатысты А. Сэлви былай деп ағынан жарылады:

«Сондықтан да болар, президент Ердоған мен Қазақстан президенті Тоқаевтың өздерінің ресми дәрежелерін уақытша былай қойып, қолдарына ракетка алып, үстел теннисін ойнағандары мені қатты таң қалдырды. Қызуғушылығымды оятты. Сондықтан да, мұның астарын зерттедім. 

"Үстел теннисін ойнап тұрған суретін көрген екен". 

Кездесуде Қазақстан Президенті Тоқаев, Түркия Президенті Ердоғанға «Сіздің үстел теннисін ойнап жатқан кездегі суреттеріңізді көрдім» депті. Ердоған да өз кезегінде, жастармен үстел теннисін ойнағанын айтыпты. (Ердоған Мимар Синан жатақханасында жастармен ауызашар өткізгеннен кейін үстел теннисін ойнаған еді). 

"Осыдан келіп үстел теннисін ойнау пікірі өрбіпті" 

- «Сіз үстел теннисін ұнатасыз ба?» -  деп сұрапты Ердоған. 

- «Үнатамын. Ойнауды да ұнатамын» - деген жауап қайырыпты Тоқаев. 

Ердоған, Тоқаевтың үстел теннисін ойнай алатынын сол кезде білген. 

Екі мемлекет басшылары арасында үстел теннисі төңірегінде жақсы әңгіме өрбіп, Президент Ердоған, егер Президент Тоқаев мақұл көрсе, бірге ойнай алатындарын айтыпты. Тоқаев болса: «Дәл осында ма? Өте қуанышты болар едім» деген екен. Содан соң, Президент Ердоған тапсырма беріп, бірден теннис үстелі мен ракеткасы және торы мен добы әкелініп, орнатылыпты. Одан кейінгісінде, екі басшының кастөмдерін шешіп, үстел теннисін ойнаулары ғана қалыпты.

Кім жеңді? «Жолдастық кездесу» болыпты. (Достық жеңіпті). 

Аударып, дайындаған: islam.kz/

0 пікір