Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: "Әлемдегі ең пайдалы су - зәмзәм суы!"
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: "Әлемдегі ең пайдалы су - зәмзәм суы!"
23 күн бұрын 1615

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәлімдеуінше әлемнің ең пайдалы суларынан болған зәмзәм суының көптеген сырлары, қазіргі технологияның дамыған заманның өзінде де ашыла қойған емес.

Бұлағы табылмаған судың теңізден 80 километр алыста болса да және айналасында басқа ешқандай құдықтар болмаса да ғасырлар бойы суы сарқылмай тұруы зерттеушілерді таң қалдыруда. 1,5 метр тереңдікте болған құдықтан қажылықта миллиондаған қажылар су ішсе де, судың деңгейі еш азаймайды.

Европада лабораторияларда жасалған зерттеулер нәтижесінде зәмзәм суының құрамында өте аз мөлшерде күкірт бар екені анықталды. Ал АҚШта жасалған тест нәтижелері бойынша құрамында микроорганизм және бактерия жоқ су екендігі анықталды. ДДСҰ тарапынан зәмзәм суы әлемдегі ішуге болатын және  денсаулыққа пайдалы ең жақсы су ретінде жарияланды. (bilim-all.kz/).

Әлемдегі ең таза су – зәмзәм суы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2004 жылғы мәліметі бойынша, бұл су әлемдегі ішуге пайдалы ең таза су. АҚШ-та жасалған тест нәтижесінде жер бетінде құрамында микроорганизмдер мен бактериялар кездеспейтін бірден-бір таза су – осы зәмзәм екені ғылыми негізде дәлелденді. АҚШ-та әртүрлі сусындар мен жемістерді елге әкелуге тиым салынғанымен, зәмзәм суына тиым салынбайды. Зәмзәм суының басқа суларға қарағанда құрамында күкірті аз, құнарлы, минералы көп. Тойыну үшін ішкен адамның қарны тояды, шөлдеген адам ішсе, шөлі қанады. Қала суынан айырмашылығы – құрамында кальций мен магний тұздары көп. Шаршаған адам зәмзәм суын бетіне жақса, рахаттанады. Тағы бір ерекшелігі, зәмзәм суының құрамында түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұратын фтор бар. Өмірде судың дәмін бұзатын биологиялық құбылыстар зәмзәм суына ешқандай әсер етпейді. Бұл да ғылыми тұрғыда дәлелденген. (massaget.kz/).

 

 

0 пікір