Дұға - бәлені қайтарады
Дұға - бәлені қайтарады
1 ай бұрын 1797

Бисмилләһир рахманир рахим

Дұға - ең пайдалы дәрумен. Ол бәле-жалаға дұшпан. Дұға басқа төніп тұрған бәлені қайтарады, оны емдейді, оның түсуіне кедергі жасайды, келіп тұрған бәлені бертарап етеді немесе келген бәлені жеңілдетеді. Дұға - мұсылманның қаруы. Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің бір сөзінде айтқандай: «Дұға - мүміннің қаруы, діннің тірегі және көктер мен жердің нұры».

Дұға мен бәленің арақатынасы 

Дұға мен бәленің арақатынасы үш түрлі болып келеді:

  1. Дұға бәледен қуаттырақ болып, оны бертарап етеді.
  2. Дұға бәледен әлсіздеу болып, бәле үстем келеді де, пендеге тимей қоймайды, бірақ дұға одан әлсіз болса да ол бәленің жеңіл-желпі өтіп кетуін қамтамасыз етеді.
  3. Дұға мен бәленің теңдей күште болулары. Ол екеуі бір біріне кедергі болып тұрады. 

Пайғамбарымыз өзінің асыл сөздерінің бірінде:

 «الدُّعَاءُ يَنْفَعُ مِمَّا نَزَلَ وَمِمَّا لَمْ يَنْزِلْ، فَعَلَيْكُمْ عِبَادَ اللَّهِ بِالدُّعَاءِ» .

«Дұға - түскен бәлеге қарсы да, әлі түсіп үлгермеген бәлеге қарсы да пайдалы. Сондықтан да, ей Алланың құлдары, дұға жасаудан жалықпаңдар!» - деген.

Басқа бір хадисінде былай деген:

  «لَا يَرُدُّ الْقَدَرَ إِلَّا الدُّعَاءُ، وَلَا يَزِيدُ فِي الْعُمُرِ إِلَّا الْبِرُّ، وَإِنَّ الرَّجُلَ لَيُحْرَمُ الرِّزْقَ بِالذَّنْبِ يُصِيبُهُ» .

«Пешенедегіні тек дұға қайтарады. Өмірді тек ізгі іс ұзартады. Кісі басына келген күнәсі себепті, несібеден қағылады» - дейді Алла елшісі.

Ендеше, дұға жасағанда табандылық танытқан жөн. Бір рет дұға тілеп, қоя салу жарамайды. Дұғаңызды табанды түрде жасай беруіңіз керек. Хадисте:

«إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْمُلِحِّينَ فِي الدُّعَاءِ» 

«Алла Тағала дұғасында табанды болған пендесін жақсы көреді» делінген.

 Тағы бір сөзінде:

«لَا تَعْجِزُوا فِي الدُّعَاءِ فَإِنَّهُ لَا يَهْلِكُ مَعَ الدُّعَاءِ أَحَدٌ» .

«Дұғада әлсіздік танытпаңдар. Шынында, дұғасы болған адам құрымайды» дейді.

 

 А. Қасым.

 

 

0 пікір