Бес түрлі адаммен достаспа...
Бес түрлі адаммен достаспа...
7 жыл бұрын 10783 mazhab.kz/

Имам Мұхаммед Бакыр былай дейді:

"Әкем имам Зәйнулабидин хазірет маған:

- Бес түрлі адаммен сөйлеспе, дос болма, - деп насихат айтты. 

- Әкетай, айтқаныңызды құп алдым. Ол бес түрлі адамның қандай адамдар екенін білдірмес пе екенсіз? - деп сұрадым. Сонда былай деп түсіндірді: 

- Пасық (Алланың бұйрықтарын орындамайтын) адаммен дос болма. Өйткені ол сені бір жұтым асқа, тіпті болар-болмас нәрсе үшін-ақ сатып кетеді. 

- Болар-болмас дегенді түсіндіресіз бе? - деп сұрадым. 

- Айтпағым, қолы жетсе деп өлермендік танытып, бірақ қолы жетпеген нәрсе.

- Әкетай, екіншісі кім? 

Сараңмен дос болма! Өйткені ол қатты қиналған кезіңде дүниесін қорғаштап, сенімен араластығын үзеді.

- Үшіншісі кім?

- Өтірікшімен дос болма! Өйткені ол жақынды саған алыс етіп көрсетеді.

- Төртіншісі кім? 

Ақымақпен дос болма! Өйткені ол саған пайда тигіземін деп зиян тигізеді.

- Әкетай, бесіншісі кім?» 

Жақын туыстарымен араласпай кеткен адаммен дос болма! Өйткені Құран Кәрімнің тура үш жерінде бұндай адамның оңбайтындығы айтылғанын байқадым".

0 пікір