Астана туралы сіз білмейтін 14 қызық дерек
Астана туралы сіз білмейтін 14 қызық дерек
7 жыл бұрын 12332 el.kz

1. Астана қаласының атауы парсы тілінен аударғанда «киелі орын», «босаға» деген мағынаны білдіреді.

2. Бас қаладағы Бейбітшілік және келісім сарайының авторы – әйгілі сәулетші Норман Фостер. Ол бұған дейін Лондондағы «Millennium Bridge» көпірін, Пекиндегі ғаламат әуежайды салған.

3. Астана – әлемдегі Ұлан-Батырдан кейінгі суық астана болып саналады. Астана тіпті Канаданың астанасы Оттавадан да суық.

4. «Думан» ойын-сауық орталығының мұхитаралы – ТМД-да ашылған бірден-бір нысан. Бұл – әлемдегі көк мұхиттан 3000 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан жалғыз мұхитарал. «Думандағы» су қоры 3 миллион литрді құрайды. Оны дайындау үшін 120 тонна теңіз тұзы пайдаланылған. Мұнда қазір әлемнің әр түкпірінен әкелінген 2000-ға жуық теңіз жәндіктері бар.

5. 2003 жылы «Moody’s Investors Service» әлемдік рейтинг агенттігі Астананы әлемнің ең үздік 30 қаласының тізіміне қосты.

6. «Ханшатыр» ойын-сауық орталығы шатыр формасындағы ең үлкен ғимарат ретінде Гиннестің рекордтар кітабына кірген. Оның биіктігі – 150 метр.

7. «Әзірет Сұлтан» мешіті – Орта Азиядағы ең үлкен мешіттердің бірі. Оның аумағы 11 гектар, ал ішіне 10 мың адам сыяды.

8. Елордадағы ұлттық академиялық кітапханада 2,5 миллионнан астам кітап бар.

9. Қазақстандағы ең үлкен ту Астанада орналасқан. Оның көлемі – 15х30 метр. Ту 111 метрлік биіктікте тұрғандықтан, қаланың кез келген жерінен көзге ілінеді.

10. Шымкент зообағында Астана атты керік бар. Мұндай ерекше ат жануарға Астана күні қарсаңында туғандықтан берілген екен.

11. Елордалықтардың орташа жасы – 30 жас. Бұл қалада жастар көп.

12. Құранның ежелгі қолжазбасының көшірмесі бас қаладағы Әзірет Сұлтан мешітінде сақтаулы тұр. Бұл ежелгі ислам қолжазбасы (VIII ғасыр) Ресейде таза күмістен дайындалған екен.

13. Астанадағы ең қысқа көше – Біржан сал көшесі (бұрынғы атауы – Вокзальная). Оның ұзындығы – 358, 7 метр

14. Елордадағы ұзыннан-ұзақ созылып жатқан ғимарат – Министрліктер үйі. Оның ұзындығы 2 шақырымға дейін жетеді.

0 пікір