Адам тіліндегі Алланың белгілері
Адам тіліндегі Алланың белгілері
8 жыл бұрын 5878 fondihlas.ru
Аударған: М. Бақдәулетқызы
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Сіз өзіңіздің тіліңіз жайлы  өмірде бір сәт ойлап көрдіңіз бе?! Ақиқатында, тіл - Ұлы Жаратушының әрқайсымызға сыйға тартқан тамаша тартуы, керемет жаратылыстарының бірегейі. Соған қарай тіліміздің атқарар қызметі де сан алуан.

Біріншіден, тіл біз тамақты шайнаған кезде ауыз қуысындағы асты жылжытып,  қайта өңдеуге белсене қатысады, ал тағамды жұтқан шақта  жұмсақ таңдай мен жұтқыншақпен бірлесе отырып,  тағамды сілекеймен шылап, араластыруды  жүзеге асырады.

Екіншіден, тілдің жоғары сезімталдығы тағамдағы қатты немесе шайналмаған бөліктердің  бар-жоқтығын анықтауға  көмектеседі.

Үшіншіден, тіл жоғары көтерілгенде, ол ауыз бен мұрын қуысын және  ауыз бен  мұрынның  тыныс алу жолдарын бөледі. Тіл - сүтпен қоректенетін сәбилер үшін ана сүтін соруға жәрдемдеседі.

Төртіншіден,  тілдің түрлі бөліктердегі қозғалысы сөз бен музыкалық дыбыстарды шығаруға септігін тигізіп, дауыстың тембрі мен артикуляциясына  ықпал  етеді.

Бесіншіден, тілдің ұшында дәм сезу органдарының негізгі рецепторлары бар. Дәм сезудегі тілдің сезімталдығы  тілдің  әрқандай  бөліктерінде әр түрлі болып келеді. Тілдің ұшы-тәтті нәрселерді, түбі-ащы, жиектері-қышқыл  және тілдің ұшы мен  шеті-тұзды нәрселерді, дәмдерді ажыратуға сезімтал. Біздің тіліміз тағамдар мен сұйықтықтардың мың түрлі дәмін татып, айқындай алады. Егер де тілдегі сезімтал рецепторлар осындай белсенді  қызмет атқармағанда, біз апельсинді тастан ажырата алмай қалар едік. Сонымен бірге адамның қайталанбайтын саусақ іздері сияқты тілінің  іздері де қайталанбайды. Салыстырмалы өлшеміне қарай тіл адам ағзасындағы ең қуатты бұлшықет болып табылады. Оның қуаттылығы соншалық, аспанда қысым туғызып, екі қабатты автобустардың баламалы салмағын тудырады.

Ал ең бастысы, біз осы күшті бұлшықет арқылы Ұлы Жаратушыны мадақтап, оның шексіз ұлылығын дәріптеп, қасиетті Құранды оқып, адамдарға  пайдалы  насихаттарды айта аламыз. Сондықтан Алланың бізге ұсынған  ғажап  сыйын зұлымдық пен ғайбаттан, жала жабу мен өтіріктен ада ұстайық!

0 пікір