Күйеуіңіз «маменькин сыночек» болса...
Күйеуіңіз «маменькин сыночек» болса...
5 жыл бұрын 3733
Данияр СҮЛЕЙМЕНОВ

Болашақ ерлі-зайыпты адамдар екі бөлек үйде тәрбие көргендіктен, кейбір мәселені сол тәрбие аясында қарастырады. Мысалы, үй тазалығына немқұрайлы қарайтын әйелге күйеуі: «Бала кезімізде үйді қанша шашсақ та, анам тап-тұйнақтай қылып жинап қоятын!» немесе әйелі дәмді тағам жасағанның өзінде: «Тамағың өте дәмді, бірақ анамның жасаған тамағындай болмайды!» – деуі мүмкін. Қарап отырсаңыз, әйелі өз анасынан үйренгендей тамақ жасаса, күйеуі де анасының аялы алақанымен ұсынған күлше нанның дәмін ұмытар емес. Бұл табиғи нәрсе. Ана шіркін «Балапанымның табанына кірген шөгір менің маңдайыма қадалсын, жеткіншегімнің білегіне қадалған шөгір менің жүрегіме қадалсын» – дейтін жұрт емес пе?! Осы жерде әйел адам екі топқа бөлінеді:

– Ақылсыз әйел күйеуін «маменькин сыночек» деп келемеждейді. Ақылсыз атануының себебі – айтылып отырған адам оның анасы екенін ескермеуі. Анасы үнемі оның жүрегінен ойып тұрып орын алады. Әйел адам ешқашан күйеуінің мұндай сөзіне ренжімеуі тиіс. Өйткені ол – оның анасы. Ақылды, көрегенді әйел, күйеуінің анасына барып болған жайды қалжыңмен жеткізіп бір күлісіп алады да, бұл мәселеде енесінен сабақ алып, үйренетін нәрсені үйреніп, күйеуін разы қылуға тырысады. Сіз де осындай әйелдердің қатарынан табылыңыз!

0 пікір