Жеті нәрсе ізгіліктің асылы!
Жеті нәрсе ізгіліктің асылы!
4 жыл бұрын 6591

Жеті нәрсе ізгілік пен жақсылықтың асылы делінеді. Олардың әрбірі Құранда міндет етілген. Жеті асыл іс төмендегідей:

1. Ғибадатты ықыласпен орындау. Бұл жайында Алла Тағала былай деп бұйырған:

«Дінді тек Аллаға арнай отырып, ханиф болған күйі Аллаға ықыласпен құлшылық етулері әмір етілді...»[1].  

2. Ата-анаға жақсылық жасау. Хақ Тағала Құранда былай деп бұйырады:

«Маған және әке-шешеңе шүкір ет. Қайтар орның Мен жақ!»[2].

3. Туыстық байланыс. Құранда былай делінеді:

«...Есімімен өзара сұрасқан Алладан қорқыңдар және туыстармен арақатынасты үзуден  сақтаныңдар»[3].

4. Аманатты иесіне тапсыру (аманатқа қиянат етпеу). Құдай Тағала былай деп әмір етеді:

«Шынында Алла Тағала сендерге аманаттарды иелеріне тапсыруларыңды әмір етеді»[4].

5. Күнә істерде ешкімге бағынбау. Исламда кім болса да, егер ол күнә, харам іс істеуді бұйырса, бағынбау керек. Бұл жайында Құран Кәрімде былай делінген:

«Сондай-ақ Алладан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық...»[5].

6. Нәпсінің қалауымен жүрмеу. Құран Кәрімде былай делінеді:

«Кімде-кім Алланың алдында тұрудан қорқып, нәпсісін құмарлықтан тыйса, күмәнсіз оның паналайтын орны жәннәт болмақ»[6].

7. Аллаға бойұсыну жолында ыждыһаттылық танытып, Оның қаһарынан қорқу және сауабын үміт ету. Құранда былай баян етілген:

«Олар Раббыларына қорқа әрі дәмете дұға жасайды, сондай-ақ біздің берген ризығымыздан Алла үшін жұмсайды (садақа береді)»[7].

[1] «Бәйинә» сүресі, 5 аят.
[2] «Лұқман» сүресі, 14 аят.
[3] «Ниса» сүресі, 1 аят.
[4] «Ниса» сүресі, 58 аят.
[5] «Әли Имран» сүресі, 64 аят.
[6] «Нәзиғат» сүресі, 40-41 аяттар.
[7] "Сәжде" сүресі, 16 аят.

0 пікір