Таң намазына тұру үшін қандай дұғалар оқыса болады?
Таң намазына тұру үшін қандай дұғалар оқыса болады?
6 ай бұрын 4470

Сопылық жолының белді өкілі, атақты ғалым Абдульқадир Гәйлани хазіреттің түнгі намазға (біздің жағдайда таң намазы) тұра алмай жүрген мұсылмандарға мынадай кеңестер айтқан:

"Кімд-кім таңға жуық уақытта истиғфар айтушылардың қатарынан болғысы келсе, бірақ ғапылдық басып, күнәлары шырмап, байлап, матап, намазға тұрғызбай жүрсе, былай істесін:

1) Жатқан кезде үш рет «астағфируллаһ» деп айтсын.

2) Сосын «бисмилләһир рахманир рахим» деп, «Кәһф» сүресінің алдыңғы он аятын және ақырғы он аятын оқысын.

3) Одан кейін «Әмәнәр расулу» аятын оқысын («Бақара» сүресінің, 285, 286 аяттары).

4) Одан кейін «Құл йәә әюһәл кәфирун...» сүресін оқысын.

5) Артынан мына бір дұғаны оқысын:

 اَللَّهُمَّ أَيْقِظْنِي فِي أَحَبِّ السَّاعَاتِ إِلَيْكَ وَاِسْتَعْمِلْنِي بِأَحَبِّ الأَعْمَالِ لَدَيْكَ الَّتِي تُقَرِّبْنِي إِلَيْكَ زَلِّفِي وَتُبْعِدُنِي مِنْ سَخَطِكَ بُعْدًا اِسْأَلْكَ فَتُعْطِينِي وَاسْتَغْفِرُكَ فَتَغْفِرُ لِي وَأدْعُوْكَ فَتَسْتَجِيبَ لِي، اللهمَّ لا تُؤْمِنِّي مَكْرَك ولا تُولِّني غيرَك ولا تنزع عني سِتْرَك ولا تُنْسِني ذِكْرَك ولا تجعلني من الغافلينَ 

«Аллаһуммә! Айқыйзний фи ахәбис-саъати иләйк. Уәстәъмилний би-әхәббиль-аъмәли ләдәйк, әл-ләтий туқаррибуний иләйкә зәлифий. Уә түбғидуний мин сәхотыйкә буъдән. Әс-әләукә фә-туғтыйний. Уәстәғфирукә фә-тәғфиру ли. Уә әдғукә фә-тәстәжибу ли. Аллаһумма! Лә ту-минний мәкрокә уә лә туәллиний ғойрәкә, уә лә тәнзиъу ъанний ситрокә, уә лә түңсиний зикрокә, уә лә тәжъәлни минәл-ғофилин!».

Кімде-кім осы сөздерді айтса, Алла Тағала ол пендені намазға оятсын деп үш періштені түсіреді. Егер пенде тұрып, намаз оқып, дұға тілесе, әлгі түскен үш періште оның тілектеріне «әмин» деп қосылып тұрады. Тіпті түнгі (тәһәжжуд) намазға тұра алмай қалған күннің өзінде, әлгі періштелер ауада құлшылығын жасап, құлшылықтарының сауабын сол пендеге жазады...". 

Хазіреті әл-Гәйләнидің бұл айтылған кеңесі түнгі тәһәжжуд намазына тұру үшін айтылған болса да, таң намазына тұра алмай жүргендер үшін де пайдасы тиері анық. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин! 


 

1) Абдульқадир әл-Гәйләни: "әл-Ғұня".  

0 пікір