"Мұхаммед теңізші ме еді?": Теңіз зерттеушісін таң қалдырған Құран аяты.
"Мұхаммед теңізші ме еді?": Теңіз зерттеушісін таң қалдырған Құран аяты.
4 жыл бұрын 12665

Теңіздегі қараңғылықтар

Құран Кәрімнің адамдар біле алмайтын немесе тек мамандардың ғана білетұғын мәселелерді көзбен көргендей анық суреттеп түсіндіруі, оның тек Аллаға ғана тән бола алатын ғажайып сөздерді қамтығандығын көрсетеді. Мына бір оқиға Құранның осындай ерекшелігіне айғақ боларлықтай, тым ғибратты:

Гари Миллердің[2] айтуынша, бірнеше жыл бұрын мұсылмандардың біреуі Торонто қаласындағы Яхта айлағында сауда жасап жүріп, өмірін теңізде өткізген бір адамға, оқысын деп, Құран Кәрімнің аудармасын сыйға тартады. Теңізші адам Ислам тарихы туралы бірде-бір мәлімет білмейтін еді. Бірақ, ол Құранды оқиды да қатты таң қалады. Құранды сыйға тартқан мұсылманнан:

«Мұхаммед теңізші ме еді» деп сұрайды. Өйткені ол адам Құранның теңізді суреттеуінен тым қатты әсерленген еді. Неге десеңіз, ол адам - теңіздегі дауыл мен борандарды өз көзімен көріп, теңіз жайында мәліметі көп адам болатын. Және де оның ойынша, теңіздегі дауыл сияқты құбылыстар жөнінде жазған адам, өзі секілді теңіздегі дауылдарды өз көзімен көрген жан болуы керек деп есептейтін. Шынымен де, мына төмендегі Құран аятының суреттеген теңіздегі дауыл құбылысы, оны көзбен көрмей, ойша жаза салатын дүние емес.  

Құран Кәрім, Нұр сүресінде бұл құбылыс былай деп суреттелген:

أَوْ كَظُلُمَاتٍ فِي بَحْرٍ لُّجِّيٍّ يَغْشَاهُ مَوْجٌ مِّن فَوْقِهِ مَوْجٌ مِّن فَوْقِهِ سَحَابٌ ۚ ظُلُمَاتٌ بَعْضُهَا فَوْقَ بَعْضٍ إِذَا أَخْرَجَ يَدَهُ لَمْ يَكَدْ يَرَاهَا ۗ وَمَن لَّمْ يَجْعَلِ اللَّهُ لَهُ نُورًا فَمَا لَهُ مِن نُّورٍ

«Немесе олардың (кәпірлердің) мысалы: терең теңіздегі қою қараңғылықтар тәрізді. Оны (теңізді) толқын жабады. Оның үстінде (ол толқынның үстінде) басқа бір толқын бар, (ал ол толқынның) үстінде, бұлт бар. Бір-бірінің үстінде болған қараңғылықтар. Егер адам қолын шығарса, қолын көре алмайтындай (қараңғылық). Алла кімге нұр бермесе, онда оның нұрдан еш үлесі болмайды»[1].

Әлгі теңіз зерттеушісінің ойынша, теңіздегі дауылды аталмыш аяттағыдай суреттеген адамның теңізде болып тұратын табиғи құбылыстарды жақсы білетұғын адам болуы керек еді. Сондықтан да оның «Мұхаммед теңізші ме еді?» деген сауалына:

«Жоқ. Мұхаммед бүкіл өмірін шөл далада өткізген адам» деп жауап берген кезде, ол одан әрі таңырқай түседі. Бірақ, өмірін теңізде өткізбеген адам біле алмайтын мұндай құбылыс Құранда бар болатын. «Олай болса, Құран - әр нәрсені толық білетін құдіреті шексіз бір Зат тарапынан түсірілген, уахи етілген сөз болуы керек, бұл адамның сөзі емес» деген түйінге келіп, көп ойланбастан, уақытын босқа жоғалтпай, дереу Исламды қабылдап, мұсылман болу бақытына қол жеткізеді.

«Рахмет самалы және Құран мұғжизасы» атты кітаптан.


[1] Құран Кәрім, «Нұр» сүресі, 40 аят.
[2] Gary Miller, The Amazing Qur’an, 22-23 б.. Доктор Гари Миллер (Gary Miller) – Король Фахд атындағы пайдалы қазбалар Университетінің ғұламалар кеңесінің мүшесі. Математика кафедрасының оқытушысы. "Таңғажайып Құран" атты Құран мен қазіргі ғылыми жаңалықтар жөңінде жазылған еңбектің авторы.

0 пікір