Көк шай денсаулыққа несімен пайдалы?
Көк шай денсаулыққа несімен пайдалы?
5 жыл бұрын 7897
Тұмар АСЫЛ

Мамандардың айтуынша күн сайын көк шай ішу – денсаулықты оңалтудың оңтайлы әдісі. Зерттеудің нәтижесі бойынша көк шайды үнемі пайдалану қан құрамындағы холестеринді азайтып, жүйкені тыныштандырады сондай-ақ диабеттің дамуына тосқауыл қояды. Көк шайдың ең пайдалы тұсы – ағазадағы антиоксиданттарды жоятындығында.

Көк шай адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жанын сергітіп сейілтеді. Көк шай жан мен тәнді жадырататын дәрумендерге бай.

Ол жүрек тамыр ауруларына, әсіресе, қан тасу мен атеросклероз сырқатын емдеуге шипа. Адамдардың ерте қартаюына, әжімнің ерте түсуіне ағзада дәрумендер мен микроэлементтердің аздығы басты себеп екендігі белгілі. Ал көк шай құрамындағы поливитаминді бұл жағдайда ынталандырушы құрал ретінде емдік, профилактикалық мақсаттарда сәтті қолдануға мүмкіндік мол. Тұнба құрамында алколоидтер мен дәрумендер болғандықтан, оның алкогольге  қарсы күші де бар. Қытай, Жапон елдерінде көк шай жоғары бағаға ие.

 

Американдық зерттеушілер көк шайдың адам терісінің өліп бара жатқан клеткаларын тірілтетінін анықтаған. Көк шайдың құрамына кіретін полифенал ДНҚ-ның өзгеруіне, рак ауруына ұшырататын радикалдармен күресуге бейімді болып шықты. Сонымен қатар полифеналдың сау жасушаларды қорғап, ісікті жоятын қасиеті бар. Болашақта ғалымдар көк шайдан диабет пен тері ауруларын емдейтін дәрі алмақшы. Таңертең ащы кофе ішуге үйренгенсіз бе? Оның жүрек пен бауырға зиянды екенін білесіз бе?

 

Егер оны шипалы сусынға ауыстырғыңыз келсе, көк шайды таңдаңыз. Көк шайға бір бөлік лимон мен шай қасық бал қоссаңыз, адамға мол күш-қуат беретін сусынның дайын болғаны. Көк шай жүйке жүйесін тынықтырады. Ал кейбіреулер оны салмақ тастау үшін де ішеді.

«Азаттық» радиосының сайтына шыққан көк шайдың пайдасы туралы мақалада лабораториялық зерттеулердегі көк шайдың ерекшелігі туралы былай делінген:

«Лабораториялық зерттеулерде көк шайдың артрит, когнитивті проблемалар, Альцгеймер, Паркинсон дерттері сияқты бірнеше ауруларға әсерлі ем болатын жағдайы бар екенін көрсетті. Кейбір зерттеулер көк шайды сүйектің сыну қаупін азайтып, остеопатияның алдын алатынын көрсетті. Және Британияның бірқатар зерттеулері шай ішетін жастар мен жасөспірімдердің тіс ауруы азайғанын танытты. Дегенмен, олардың ішіндегі ең күшті деректер шайдың жүрек аурының алдын алатыны болып отыр». Сонымен қатар материалда зерттеуші мамандар көк шай бірнеше көлеңкелі құбылыстарды да түсіндіретіні жазылады. Кейбір Азия елдерінде темекі шегу деңгейі жоғары, бірақ ол аймақтарда жүрек аурулары және өкпе рагының құрбандары аз екенін айтылады.

Бауер Сампайо мұны Азиядағы «парадокс» деп атайды. Өткен айда осы тақырыпта мақала жазған ол темекі көп шегетін азиялықтардың денсаулығын сақтауға көк шайдың айтарлықтай емдік әсері бар екенін алға тартады.

«Олар үстелдеріне отырып алып, қай жерде жұмыс жасап жатса да, таңертеңнен бастап үлкен шыны кесеге көк шай салып, ыстық су құйып ішіп отырады. Шай ішіп болған соң да оған ыстық су қосып, күні бойы ішіп жүреді».

Көк шайдың адам денсаулығына пайдалы ма деген сауалға Иел университетінің қан тамыры ауруларының маманы, хирург Сампайо оның полифенол деп аталатынын айтады. Ол адам клеткасындағы залалды заттарды жояды екен.

Көк шай аптап ыстықта шөлді жақсы басатынын да айта кеткен жөн.

0 пікір