Энтони Флю: "ДНК - Жаратушының бар екендігін айғақтайды"
Энтони Флю: "ДНК - Жаратушының бар екендігін айғақтайды"
1 ай бұрын 1363

Әйгілі философия профессоры Энтони Флюдің мәлімдемесі ғылым әлемі үшін нағыз таңқаларлық жәйт болды. Бұлтартпас айғақтардың нәтижесінде, ғалым 2004 жылы атеизмнің үлкен қателік екенін мойындады. 

80 жастан асқан ғалым ұзақ жылдар бойы ғылыми атеизмнің белді мүшесінің бірі болып келді, ол «атеизмнің тіректерінің бірі» саналатын. Ондаған жылдар бойы Флю «Құдай жоқ» деген тезистің негізінде кітаптар шығарып, ғылыми лекциялар оқып келді.   

Алайда 2004 жылдан бастап бірқатар ғылыми жаңалықтар ұлы атеист ғалымды өзінің көзқарастарын өзгертуге мәжбүр етті. Флю өзінің қателескендігін және Әлемнің өздігінен пайда бола алмайтындығын ашық айтты: «Әлемнің біз ойлағаннан да күшті бір құдірет иесі тарапынан жаратылғандығы айдан анық» деді ол.  

Флю, басқа атеист ғалымдар секілді, о баста өлі материядан алғашқы тірі материя өздігінен пайда болды деп сенетін. Кейіннен ондай тұжырымның қате екендігін түсінген Ол:

«Бүгінде өмірдің пайда болуы мен бірінші репродуцияланатын организмнің пайда болуына қатысты құрылған атеистік теорияны елестету мүмкін емес» - деді.

Ғалымның мәліметінше, қазіргі таңдағы ДНҚ молекулаларының құрылымы жайында анықталып жатқан деректер – оның (ДНКнің) өздігінен пайда болмағанын, керісінше әлдебір кұдіреттің ісінің нәтижесі екендігін дәлелдейді. Себебі, генетикалық код пен тура мағынада айтқанда, молекуланың энциклопедиялық ақпараттарды өзінде сақтауы – «кездейсоқтық» деген соқыр сенімді жоққа шығарады:   

«ДНК-нің биологиялық зерттеулері өмірдің пайда болуы үшін адам нанғысыз көптеген факторлардың үйлесімі мен керемет комбинацияның қажет екендігін көрсетті. Ал бұл, сөзсіз бұның бәрінде жаратуға қабілетті әлдекімнің қатысы бар деген тұжырымға әкеледі... Қолда бар фактілер мені алғашқы организмнің жансыз материядан пайда болып, кейіннен эволюциялық жолмен өте күрделі жаратылысқа айналды дейтін теорияның бос сандырақ екендігіне сендірді... Енді, табиғи эволюция сценарийі бойынша, өзін-өзі жасауға қабілетті алғашқы организмнің бар болуы мүмкін деген ойдың өзі мен үшін ағаттық боп көрінеді...» - дейді Флю. 

Мұндай көзқарастағы ғалым бір Флю емес. Онымен ДНК-нің спиральдық құрылымын алғашқылардың бірі болып мазмұндап берген британдық биолог Френсиз Крик те келіседі. Френсиз Крик былай дейді:    

 «Қазіргі таңдағы қолымыз жетіп отырған білімнің негізінде, әрбір ашық көзқарастағы адамның тоқтайтын жалғыз ғана тоқтам бар, ол – өмір әлдебір ғажап жаратудың нәтижесі деген тоқтам. Олай болмаған болса, өмірдің пайда болуы мен оның дамуы үшін қажетті өте үлкен көлемдегі факторлардың таңқаларлық дәлдікте өзара әрекеттесуін қалай түсіндірігуе болады...».

 Америкалық биохимик Майкл Би де әріптестерімен келіседі. Ол былай дейді:

«Соңғы 50 жыл ішінде биохимиктер адам жасушасының көптеген маңызды құпияларын ашты. Осы құпияларды ашу үшін ондаған мың адам өмірлерін зертханалық зерттеулерге арнады. Алайда, тірі организмді зерттеуге жұмсалған барлық күш-жігердің нәтижесі бір фактіні айқын көрсетті. Ол - «жаратылу» фактісі (өздігінен пайда болмай, жаратылған екендігі)».
«Олар түйеге қарамай ма, қалай жаратылған? Аспанға қарамай ма, қалай көтерілген? Тауларға қарамай ма, қалай жайғастырылған? Жерге қарамай ма, қалай төселген?» (Құран Кәрім, «Ғашия» сүресі, 17-20 аяттар). 

Материал "islam.ru" порталынан алынды. 
Қазақшаға аударған: А. Қасым.

0 пікір