Аштықпен емделу (ораза) - психикалық аураларды емдеудің бірден-бір жолы
Аштықпен емделу (ораза) - психикалық аураларды емдеудің бірден-бір жолы
3 жыл бұрын 5950
Аударған: Меруерт Бақдәулетқызы

Менің ойымша, бұл  ментальды «ағзалардың» адамдарға ену қабілеті жайында білгеннен кейін, өз денесінде жындардың бар екеніне күмәнданатын адам жоқтың қасы.

Бұл ментальды  паразиттердің адам психикасын бұзатын жойғыш әсерін шынымен сезінгендер бар. Осы жаратылыстар денені және ақыл-ойды иемденіп, шизофрения және басқа да психикалық ауытқулар сияқты жағымсыз аурулардың себепшісі де бола алады.

Айтылмыш шақырылмаған «қонақтарды» бойдан шығарудың көптеген нұсқалары бар. Ең тиімділерінің бірі – Құран оқу, сонымен қатар ұдайы оқылатын түнгі тахаджуд намазы мен рухани тазалық мәселесі, ораза ұстау, Осы жолы соңғысы туралы толығырақ тоқталатын боламыз. Бұл тұрғыда тек шариғи ораза жайлы емес, сырқаттан, жайсыздықтан құтылу үшін құрғақ немесе каскадты аштық /ораза/ жайында тілге тиек етіледі.

Жалпы адамда ұдайы қайталанатын ойлар – обсессия аталады. Мезі қылатын ойлармен, естеліктермен, қимыл-әрекеттермен, сондай-ақ, түрлі патологиялық үрейлермен сипатталады.

Паранойямен, фобиямен, түрлі қорқынышпен, жеке тұлғаның бұзылуы, бақыланбайтын ойлардан зардап шегетін сенушілер (бұл туралы ойланғыңыз келмесе де, обсессивті азғындық ойлар мен идеялар «сіздің бастарыңызға енеді») ораза ұстау, аштық  арқылы нәтижелі ем таба алады. Және бұл жай ғана негізсіз мәлімдеме емес. Грек жазушысы Плутарх: «Дәрі-дәрмектің орнына бір–екі күндік ашығу», - деп кеңес берген. Әбу Әли Хусейн ибн Абдаллах ибн Сина өз науқастарына ораза ұстауды жиі айтқан.

Қазіргі заманғы медицинаның пікірінше, психикалық ауруларды, оның ішінде шизофренияны аштықпен емдеудің тиімділігі өте жоғары деңгейде екендігін растауда.

Кеңес заманының өзінде олар бұл ауруларды құрғақ ораза арқылы емдеуге машықтанған. 1976-1978 жылдары екі ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Олардың негізгі тақырыбы – жүйке-психикалық және соматикалық ауруларды емдеу және аштықпен емдеу  кезеңіндегі физиологиялық үдерістер. Ғалымдар әртүрлі соматикалық ауруларды сәтті емдеу туралы көптеген ғылыми баяндамалар жасады.

Аштық, ораза ұстау ипохондриялық синдромымен, дисморфофобия синдромымен ауыратын науқастарға, шизофренияның қарапайым түрімен сырқаттанған науқастарға, әртүрлі этиологиядағы депрессияға ұшыраған науқастарға (MДП, реактивті жағдай, инволюциялық психоз), ми жарақаттары мен нейроинфекцияның қалдық құбылыстарымен ауыратын науқастарға (диэнцефалиялық синдром), ұзаққа созылған психогендік реакциялармен және жеке басының патологиялық дамуымен сырқаттанған науқастарға, сондай-ақ негізінен астено-депрессиялық және астено-ипохондриялық реакцияларымен қайталама психикалық ауытқулары бар көптеген соматикалық науқастарға жәрдемдеседі.

Ашығу арқылы емделу, яғни, медициналық ораза  ауру туралы білетін әрі емделуге белсенді түрде өздігінен ұмтылатын сырқат адамдар үшін әлдеқайда жеңіл болып саналады.

Осы орайда өмірде болған оқиғадан жағымды мысал келтіреміз (форумнан алынды): Кейіпкердің ағасын жүйкелік тиктер мен қолын еріксіз қимылдататын бейсаналық обсессивті қимылдар қинады, ол бір нәрсені айдап әкеткендей әрекет жасайтын. Белгілі бір заттардың қасынан  өтіп бара жатып, ол қандай да бір себептермен оларды қолымен ұратын, еріксіз қозғалыста бір нәрсені алып тастағандай көрінді.  Сонымен қатар, ол ұзақ уақыт бойы бір жерде тыныш отыра алмады, үнемі аяқтарын еденнен итеріп, секірді.

Жалпы, оның бірнеше күндік кезекті оразасынан кейін кейіпкердің ағасын көлікке отырғызды әрі оның бірде-бір бейсаналық қозғалыс жасамағанын байқады. Бірақ осы уақыт аралығында, ораза басталар алдында, ол он шақты бейсаналық қимылдар жасаған болатын. Кейіпкердің қуанғаны соншалықты, тіпті аштықтан кейін науқас ағасының  бет-әлпеті де өзгеріп, адамдық жақсы кейіпке ене бастаған. Осыдан кейін әрбір ашыққан сайын оның жағдайы жақсарып отырды. Үш күн бойы әртүрлі аралықта  аштықпен емделді.

Дәрігерлердің айтуы бойынша, медициналық оразадан/аштықпен емдеуден/ кейін пациенттер мидың ақыл-ой белсенділігі жағынан ұзақ уақытқа созылатын әл-ауқатты сезінеді екен.

Сонымен, құрғақ ашығу дегеніміз не? Бұл біздің мұсылмандардың оразасымен бірдей. Яғни, ауызсу мен клизма түріндегі тамақ пен суды тұтынудан  толық  бас тарту. Алайда айырмашылық ұзақтылықта.  Аштық бір күннен үш күнге дейін созылуы мүмкін.

Емдеудің бұл әдісінің қарсы көрсетілімдері де бар. Ол жөнінде алдын-ала дәрігермен кеңесіп барып қана  ашыққан абзал. (Мысалы, бауырдың кейбір ауруларында, жүкті әйелдерде, сондай-ақ 18 жасқа толмаған адамдарға бұл аштықпен емделуге кеңес берілмейді).

Кез келген әуесқойлық іс қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Сол үшін дәрігермен аштық терапиясынан қалай шығуға болатынын талқылау өте маңызды.  Есте сақтаудың ең бастысы - бәрі қалыпты мөлшерде болуы тиіс. Аштықпен емделу-артық идеяға айналмауы қажет, содан кейін асқынулар мен психикалық ауытқулар болуы мүмкін. Ашығудың пайдасы, егер сіз оған мұқият, парасатты және ақылға қонымды түрде қарасаңыз әрі тікелей дәрігерлердің қадағалауымен жүзеге асырған шақта ғана пайдалы, шипалы әрі нәтижелі болады.

Дереккөз: islam-today.ru.

0 пікір