Аллаға дұға ету тәртібін білесіз бе?
Аллаға дұға ету тәртібін білесіз бе?
25 күн бұрын 8302

Мәймуна бинт Сағд есімді Пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уә сәлләм) қызметшісі болған. Ол былай дейді: Алла елшісі намаз соңында дұға етіп отырған Сәлмән радияллаһу анһудың қасынан өтіп бара жатып: 

- Сәлмән, Алладан сұрайтын бір қажеттілігің бар ма еді? – деп сұрайды.

- Бар, я, Расулаллаһ! – деп жауап береді Сәлмән әл-Фариси.

- Олай болса, дұға-тілегіңді айтпай тұрып, әуелі Раббыңа мадақ айт. Сосын Ол өзін сипаттағандай сен де оны сипатта. Және де Оны тәспих (сүбханаллах), тәхмид (әлхамдулиллаһ), тәһлил (лә иләһә иллаллаһ) айту арқылы пәкте, - дейді Алла елшісі.  

- Дұғадан бұрын мадақты қалай айтайын, я  Расулаллаһ? – деп сұрайды Сәлмән.

- Үш рет Фатиха сүресін оқисың, - деп жауап береді Алла елшісі.

- Алланы қалай сипаттайын?

- Үш рет Ықылас сүресін оқисың. Шынында ол - Алла үшін бір сипаттау (Алланың кім екендігін сипаттап беретін сүре). Сосын «лә иләһә иллаллаһ», "Аллаһу әкбар" деп айт. Одан кейін қажет болған нәрсеңді сұра, - деп үйретеді Пайғамбарымыз (с.а.у.).

Демек, намаз соңында Аллаға дұға-тілек жасайтын кезде, әуелі Фатиха сүресін үш рет оқып, Ықылас сүресін үш рет оқып, артынан: «сүбханаллаһи, уәлхамдулиллаһи, уә лә иләһә иллаллаһу уәллаһу әкбар» деп айтып, кейін Аллаға дұға жасау керек екен. Осы тәртіппен орындаса Алланың қалауымен тілеген дұға-тілегі қабыл болады.

Сондай-ақ, табиғин ғұлама Ата ибн Рабахтың (рахматуллаһ алейһ) дұға қабыл болуы үшін ұсынған дұға ету әдісі де былай:  

«Кімде-кім арасында еш сөйлеместен он екі рәкәғат намаз оқыса, одан кейін соңында Фатиха сүресін жеті рет, Аятуль курсиді жеті рет, одан соң он рет «Лә иләһә иллаллаһу уәхдаһу лә шәрикәләһ. Ләһуль мүлку уә ләһуль хамду уә һуа аля күлли шайин қодир» десе, кейін сәждеге барып: «Аллаһумма инни әсәлукә бимақоғидиль ғиззи мин аршик. Уә мүнтәһәр рахмати мин китабик. Уә бисмикә уә жәддукәль Ағлә уә кәлиматикәт-тәммә» деп айтып дұға етсе, дұғасы қабыл болады[1].

 islam.kz 


[1] Әбу Ләйс әс-Самарқанди: Тәнбиһуль Ғофилин. 410 бет.

0 пікір