Мү­бә­рак түн­дер
Мү­бә­рак түн­дер
9 жыл бұрын 3311
Қайрат Жолдыбайұлы

1. Рә­жап айы­ның ал­ғаш­қы жұ­ма тү­ні «Ра­ғайып тү­ні» деп ата­ла­ды. Бұл тү­ні Аллаһ Ел­ші­сі­нің кей­бір бе­ре­кет­ке ие бо­лып, шү­кір қы­лып, он екі рә­кат на­маз оқы­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­лар бар.

2. Рә­жап­тың 27-ші тү­ні. Бұл – Миғ­раж тү­ні. Бұл тү­ні де он екі рә­кат на­маз оқу – Ис­лам ғұ­ла­ма­ла­ры та­ра­пы­нан жақ­сы деп ба­ға­лан­ған. Осы тү­ні Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) көк­ке кө­те­ріл­ген.

3. Шағ­бан айы­ның он бе­сін­ші тү­ні. Бұл – «Бә­раат тү­ні». Бұл тү­ні адам­ның бір жыл­да­ғы ри­зық, бай не­ме­се ке­дей, жо­ға­ры не­ме­се тө­мен бо­ла­ты­ны­нан, ғұ­мыр­ла­ры­ның ұза­руы не­ме­се ажа­лы­ның ке­луі жайлы ха­бар­лар­ды Аллаһ­тың әмі­рі­мен пе­ріш­те­лер­дің дайын­дай­тын­ды­ғы біл­ді­ріл­ген 261.

Бұл түн – ке­ші­рім тү­ні деп те ата­ла­ды. Өйтке­ні, осы түн­де Аллаһ көп адам­ның кү­нә­сін ке­шір­мек. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) Бә­раат тү­нін ғи­ба­дат етіп өт­кіз­ген. Ха­зі­ре­ті Айша бы­лай дейді: «Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бір тү­ні ор­ны­нан тұ­рып на­маз оқы­ды. Сәж­де­де көп тұр­ға­ны сон­ша мен оның демі үзіліп кетпеді ме деп ойла­дым. Ор­ным­нан тұ­рып, қо­лым­ды аяғы­на ти­гі­зіп едім, қи­мыл­да­ды. Мен қайта ор­ны­ма бар­дым. Сәж­де­де бы­лайша жал­ба­рын­ға­нын ес­ті­дім: «Аллаһым, аза­бың­нан ке­ші­рі­мі­ңе, ашуың­нан ри­за­лы­ғы­ңа сиы­нып, Өзіңнен өзіңді қор­ған ете­мін. Сен ұлы­сың. Са­ған ар­на­ған ма­да­ғым­ды, Се­нің өзі­ңе жа­са­ған ма­да­ғың­мен тең тұ­та ал­май­мын. Са­ған лайық ма­дақ­тауға кү­шім жет­пейді».

На­маз­ды бі­тір­ген­де:

– Айша, Аллаһ Та­ға­ла­ның Ел­ші­сі са­ған әді­лет­сіз­дік жа­сайды деп ойла­дың ба?– де­ді. Мен:

– Жоқ, уаллаһи, Пай­ғам­ба­рым. Он­дай ойым жоқ. Бі­рақ сәж­де­де ұзақ уа­қыт тұ­рып қал­ға­ның­ды бай­қап, өл­ді ме деп ойла­дым.

– Бү­гін қан­дай түн еке­нін бі­ле­сің бе?

– Аллаһ жә­не оның Ел­ші­сі жақ­сы бі­ле­ді. Сон­да ол:

– Бұл түн – шағ­бан­ның он бе­сін­ші тү­ні. Аллаһ Та­ға­ла шағ­бан­ның он бе­сін­ші тү­ні құл­да­ры­на ра­қы­мын тө­гіп, ке­ші­рім ті­ле­ген­дер­ді ке­ші­ріп, «ра­қым ет!» деп жал­ба­рын­ған­дар­ға ра­қым ете­ді. Тұ­ла бойы қас­тық­қа тұн­ған­дар­ды өз ер­кі­не қал­ды­ра­ды», – де­ді» 262.

Бә­раат тү­ні­нің ерек­ше­лі­гі­нің бі­рі – сол кү­ні құ­бы­ла­ның Қу­дус ме­ші­ті­нен, Қағ­ба­ға қа­рай өз­ге­руі. Бұл тү­ні «жақ­сы­лық на­ма­зы» оқы­ла­ды.

 Ра­ма­зан айы­ның 27-сі. Бұл – ба­сым көз­қа­рас бойын­ша Қа­дір тү­ні. Құ­ран осы тү­ні Пай­ғам­ба­ры­мыз­ға (с.а.у.) тү­се бас­та­ған. Аят­та: «Не­гі­зін­де Құ­ран­ды Қа­дір тү­нін­де тү­сір­дік»263 – де­лін­ген. Бұл мү­бә­рак түн­де­рі Құ­ран оқы­ла­ды. Аллаһ­қа «тәс­бих», Пай­ғам­бар­ға «салауат» айты­ла­ды. Нә­піл на­маз, қа­за на­маз­да­р оқы­лып, Аллаһ­қа көп дұ­ға жа­са­ла­ды. Осы түн­нің күн­ді­зін­де алыс-жа­қын­ға ба­рып, хал-жағ­дай сұ­рап, жоқ-жі­тік­тер­ге ерек­ше кө­ңіл бө­лу – адам ба­ла­сы­ның ең ға­жайып ес­те қа­лар­лық күн­де­рі.



261 Білмен, б.197.

262 Әт-Тәрғиб уәт-Тәрһиб.

263 Қадыр, 97/1.

0 пікір