Азан
Азан
9 жыл бұрын 4434
Қайрат Жолдыбайұлы

Азан – сөз­дік­те «ха­бар бе­ру, біл­ді­ру» ма­ғы­на­сын біл­ді­ре­ді. Тер­мин­ге сал­сақ: па­рыз на­маз­дар­дың уа­қыт­та­рын біл­ді­ре­тін ар­найы айты­ла­тын сөз­дер. Па­рыз на­маз­да­ры үшін оқы­ла­тын азан Құ­ран мен сүн­нет ар­қы­лы бел­гі­лен­ген. Ис­лам­ның әуе­лін­де дәл қа­зір­гі­дей азан оқыл­май­тын. Тек қа­на «әс-са­ла­та, әс-са­ла­та» (на­маз­ға, на­маз­ға), не­ме­се «әс-Са­ла­тул-жа­ми'аһ» (на­маз адам­дар­ды бі­рік­ті­ру­ші) се­кіл­ді сөз­дер­мен біл­ді­рі­ле­тін. Кейін­нен һиж­рет­тің ал­ғаш­қы жыл­да­рын­да Мә­ди­на­да Пай­ғам­бар ме­ші­ті са­лы­нып біт­кен кез­де, са­ха­ба­лар жи­на­лып, Пай­ғам­ба­ры­мыз­бен (с.а.у.) бір­ге жа­ма­ғат бо­лып, на­маз оқи бас­та­ды. Мі­не, сол уа­қыт­та Аллаһ Ел­ші­сі (с.а.у.) на­маз уа­қыт­та­ры­ның жа­рияла­нуы жайын­да са­ха­ба­лар­мен мә­жі­ліс өт­кіз­ді. Кей­бір са­ха­ба­лар тү­сін­де көр­ген азан оқы­луын ай­тып, бұл да уахи­мен қуат­та­лып, бү­гін­гі кез­де­гі азан тү­рі пайда бол­ды.

Ер­лер үшін азан – мүәк­кад сүн­нет. Аллаһ Та­ға­ла Құ­ран Кә­рім­де: «На­маз­ға (азан) ша­қыр­ған уа­қыт­та­рың­да олар ойын­ға ай­нал­ды­рып ке­ле­ке ете­ді. Бұл олар­дың шы­найы түр­де тү­сін­бей­тін ха­лық бол­ған­дық­та­ры­нан»211. «Ей, иман ет­кен­дер! Жұ­ма кү­ні на­маз үшін азан ай­тыл­ған кез­де де­реу Аллаһ­ты ес­ке алу­ға (на­маз­ға) ұм­ты­лың­дар жә­не сауда-сат­тық­ты тоқ­та­тың­дар»212 – дейді.

Аллаһ Ел­ші­сі (с.а.у.): «На­маз уақы­ты кір­ген кез­де ара­ла­рың­нан бі­реу азан оқып, жа­сы үл­ке­ні имам бол­сын»213, – дейді.

Азан­ның оқылуы:

أللهُ اكبر, اللهُ اكبر, اللهُ اكبر, اللهُ اكبر,

اَشْهَدُ اَنْ لآ اِلَهَ اِلاَّ اللهُ , اَشْهَدُ اَنْ لآ اِلَهَ اِلاَّ اللهُ,

اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ الَّلهِ , اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ الَّلهِ ,

حَيَّ عَلَى الصَّلوةِ , حَيَّ عَلَى الصَّلوةِ,

حَيَّ عَلَى الْفَلاح ِ, حَيَّ عَلَى الْفَلاحِ,

اللهُ اكبر, اللهُ اكبر

لآ اِلَهَ اِلاَّ اللهُ.

Аллаһу әк­бар

Аллаһу әк­бар

Аллаһу әк­бар

Аллаһу әк­бар

Әшһә­ду әл-ләә илә­һә ил-лАллаһ,

Әшһә­ду әл-ләә илә­һә ил-лАллаһ,

Әшһә­ду ән­нә Му­хам­мә­дәр-Ра­су­лул­лаһ,

Әшһә­ду ән­нә Му­хам­мә­дәр-Ра­су­лул­лаһ,

Хаййә 'алас-Са­ләһ, Хаййә 'аләс-Са­ләһ

Хаййә 'аләл-Фә­ләх, Хаййә 'аләл-Фә­ләх

Аллаһу әк­бар,

Аллаһу әк­бар,

Ләә илә­һә ил-лАллаһ.

Қа­зақ­ша ма­ғы­на­сы:

Аллаһ аса ұлы, аса ұлы

Аллаһ­тан бас­қа құ­дай жоқ еке­ні­не куә­лік ете­мін.

Мұ­хам­мед­тің Аллаһ­тың Ел­ші­сі еке­ні­не куә­лік ете­мін.

На­маз­ға (жан ра­қа­ты­на) асық.

Азат­тық­қа, мәң­гі­лік ба­қыт­қа же­ту­ге асық.

Аллаһ аса ұлы, аса ас­қақ

Аллаһ­тан бас­қа құ­дай жоқ.

Бам­дат на­ма­зын­да екі рет «Хаййә 'аләл-Фә­ләх» де­ген­нен кейін, екі рет «әс-са­ла­ту хай­рун мин­нән-нәум» (ұйқы­дан на­маз жақ­сы) сөз­де­рі қо­сы­лып айты­ла­ды.



211 Маида, 5/58

212 Жұма, 62/9.

213 Бухари, Азан, 17.

0 пікір