Өсім­дік­тер
Өсім­дік­тер
3 жыл бұрын 1095
Қайрат Жолдыбайұлы

Өсім­дік өмі­рі­нің не­гіз­гі қо­ре­гі – су. Қу­рап не­ме­се солып қалмауы үшін бақ­ша­мыз­да­ғы өсім­дік­тер­дің тү­бі­не бел­гі­лі мөл­шер­де су құя­мыз. Өсім­дік құй­ыл­ған бұл судан өз тір­ші­лі­гін жал­ғас­ты­ру­ға же­те­тін­дей ға­на кө­ле­мін де­не­сі­не қа­был­дай­ды. Ал қал­ған су бу­ға ай­на­ла­ды не­ме­се бас­қа өсім­дік­тер­дің қа­же­тін өтей­ді. Әр­бір өсім­дік ішіл­ген су­ды де­не­сі­нің түк­пір-түк­пі­рі­не, жа­пы­рақ­та­ры­ның ең ұшы­на жі­бе­ре­ді. Мы­са­лы, ағаш­тар су­ды еш­қан­дай на­сос­тың кө­ме­гін­сіз 15-20 тіп­ті 30 метр биік­тік­те­гі бұ­тақ­та­ры­ның түк­пір-түк­пі­рі­не, жа­пы­рақ­та­ры­ның ұшы­на жет­кі­зе­ді. Ақыл иесі біз­дер 15-20 метр биік­тік­те­гі үйлер­ге су­ды на­сос­тың кө­ме­гін­сіз шы­ға­ра ал­май жат­қанда, ағаш­тар су­ды осын­ша­ма биік­ке қа­лай кө­те­ре­ді?

Бұ­дан да таң­ға­лар­лы­ғы, өсім­дік­тер жаз­дың ап­тап, ми қай­на­тар ыс­ты­ғын­да аз мөл­шер­де­гі су­мен-ақ жап-жа­сыл қал­пын сақ­тап қа­ла­ды. Бір гүл­дің бой­ын­да 50 грамм су, тіп­ті кіш­кен­тай бір шөп­те бір не­ме­се екі там­шы су болады екен. Жаз­да бір ап­та бойы 35 гра­дус ыс­тық бол­ға­нын ой­лап кө­рі­ңіз. То­пы­рақ құр­ғап, тас­тар қы­зып жат­қан осын­дай ыс­тық­та өсім­дік әле­мі қа­лай ға­на бой­ын­да­ғы аз ға­на су­мен өзі­нің жа­сыл­ды­ғы мен тір­ші­лі­гін сақ­тап қалу­да? Гүл­дің бой­ын­да­ғы 50 грамм су мұн­дай ыс­тық­тың ас­тын­да көп бол­са 5-6 са­ғат­тың ішін­де, шөп­тің бой­ын­да­ғы бір-екі там­шы су бір­не­ше ми­нут­тың ішін­де-ақ бу­ға ай­на­лып ке­ту­ге тиіс. Бі­рақ қа­лай ға­на өсім­дік әле­мі құр­ға­ма­стан жа­сыл тү­сін, өмі­рін сақ­тап тұр? Ой­лан­ған­ға ғиб­рат.

0 пікір