Жер шары
Жер шары
10 жыл бұрын 19839

Біз­дің отау ті­гіп, өмір сү­ріп жат­қан жер ша­ры мен жы­лу­ын кү­лім­дей төк­кен күн­нің ара­сы жаз жә­не қыс мез­гіл­де­рі­не бай­ла­ныс­ты 135 не­ме­се 149,5 мил­лион шақы­рым. Егер осы атал­мыш ара­қа­шық­тық кез­дей­соқ­тық­тың әсе­рі­нен аз мөл­шер­де азай­са, то­ңып, мұз бо­лып қа­тып қа­ла­ты­ны­мыз­ды не­ме­се аз мөл­шер­де кө­бей­се күйіп-жа­нып ке­те­рі­міз­ді бір ме­зет ой­ла­дық па? Ойла­нып, Жер мен Күн­нің ара­сын­да­ғы осы ың­ғай­лы ара­қа­шық­тық­ты белгілеп, оны ға­сыр­лар бойы бұл­жыт­пай ұс­тап тұр­ған құ­ді­рет­ті күш­ті та­ни ал­дық па?

Ас­пан­да­ғы әр­бір де­не­нің өзі­не тән бел­гі­лі, тұ­рақ­ты ай­на­лу ор­би­та­сы, қоз­ға­лу жыл­дам­ды­ғы бар. Мы­са­лы, Жер ша­ры са­ға­ты­на 1 670 ша­қы­рым жыл­дам­дық­пен өз-өзін ай­нал­са, Күн­ді са­ға­ты­на 108 000 ша­қы­рым жыл­дам­дық­пен ай­на­ла­ды. Егер осын­дай жыл­дам­дық­пен жү­ре­тін кө­лік жа­сал­ған жағ­дай­да жал­пы дү­ниенің шең­бе­рін 22 ми­нут­та ай­на­лып шы­ғу­ға бо­ла­ды екен. Көр­се­ті­ліп отыр­ған бұл сан­дар тек Жер ша­ры үшін, ал Күн жүйесі­нің жыл­дам­ды­ғы мүл­де таң­ға­лар­лық. Ға­рыш­тық (кос­мос­та) жүйе­лер­дің кө­ле­мі ұл­ғай­ған сай­ын қоз­ға­лу жыл­дам­дық­та­ры да ар­та тү­се­ді. Күн жүйесі­нің Құс жо­лы га­лак­ти­ка­сы ор­та­лы­ғын ай­на­лу­да­ғы жыл­дам­ды­ғы сағаты­на тұп-ту­ра 720 000 ша­қы­рым. Ал, ша­ма­мен құ­ра­мын­да 200 мил­лиард жұл­дыз­ды қам­ти­тын осы Құс жо­лы га­лак­ти­ка­сы­ның ға­рыш­та­ғы жыл­дам­дық мөл­ше­рі са­ға­ты­на 950 000 ша­қы­рым[1]. Мұн­дай бір-бі­рі­мен ты­ғыз бай­ла­ныс­та­ғы әрі өте жо­ға­ры жыл­дам­дық­та­ғы жүйе­лер­дің со­ғы­сып, қақ­ты­ғы­суы әб­ден мүм­кін бо­ла тұ­ра ға­рыш­та еш­бір ақауға куә бол­ма­дық. Иә, мил­лиардтаған жыл­дар бойы жылдам­дық­та­рын­да­ғы тұ­рақ­ты мөл­шер еш өз­гер­мес­тен жалға­су­да. Мы­са­лы, біз ав­то­кө­лік­пен са­ға­ты­на 200 шақы­рым жыл­дам­дық­пен ке­ле жа­тып, оқыс тоқ­тат­сақ, те­ре­зе әй­не­гін быт-шыт қып сырт­қа те­сіп шы­ға­ратыны­мыз анық. Ал ен­ді біз­дің се­нім­ді бе­сі­гі­міз – Жер ша­ры бір мезет оқыс тоқ­та­май-ақ қой­сын, тұ­рақ­ты жыл­дам­ды­ғын аз ға­на аз­айт­са, жер бе­тін­де­гі күл­лі зат атау­лы ға­рыш­қа та­ры­дай ша­шы­лып ке­тер еді. Де­мек, мил­лиард жыл­дар бойы Жер ана­мыз­ды жә­не бас­қа да жұл­дыз­дар­ды бір мезет тоқ­тат­па­стан, әр­қай­сы­сын өзін­дік тұ­рақ­ты жыл­дам­дық­та­ры­мен ай­нал­ды­рып, тер­бе­тіп тұр­ған Ұлы Жара­ту­шы бо­лу­ға тиіс. Егер мұ­ның бә­рін кез­дей­соқ жүзе­ге асып жа­тыр де­сек, не­ге біз та­ғы да сол се­нім­сіз кез­дей­соқ­тық­тың әсе­рі­нен Жер ана­мыз­дың тоқ­тап неме­се жыл­дам­ды­ғын­да кі­ді­ріп қа­луынан еш қо­рық­па­стан, уай­ым­да­ма­стан үс­тін­де жай­ба­ра­қат жүр­міз?

Бей­та­ныс бір адам қо­лын­да­ғы ме­ха­ни­ка­лық жүйе­мен іс­тей­тін қол са­ға­тын біз­ге та­ныс­ты­ру ба­ры­сын­да: «Өз-өзі­нен, кез­дей­соқ­тық­тың әсе­рі­нен, яғ­ни, жер­дің ас­тын­да­ғы ми­не­рал­дар өз-өзі­нен еріп, те­мір­ге ай­на­лып, одан жі­ңіш­ке есеп­ті ішін­де­гі әр түр­лі кер­тік-кер­тік құ­рал­да­ры, көр­сет­кіш сан­да­ры жә­не бе­тін­де­гі әй­не­гі өз-өзі­нен жа­са­лып, іс­ке қо­сы­лып пай­да бол­ды» – де­се, се­нер ме едік? Әри­не, сен­бес едік. Ал ен­ді жай бір уақыт­ты ға­на көр­се­те­тін кіш­кен­тай қол са­ғат­тың өз-өзінен, кез­дей­соқ пай­да бол­ға­ны­на сен­бей­міз де, жүйе жа­ғы­нан са­ғат­пен са­лыс­ты­ру­ға мүл­дем кел­мей­тін мы­на ке­ре­мет ұшы-қиыры жоқ шек­сіз әлем­нің өз-өзі­нен пай­да бол­ға­ны­на қа­лай сен­бек­піз?

[1] Адем Якуп, Ку­ран Му­жи­зе­ле­рі, 23-бет. Не­сил Мат­ба­жы­лык, 2003 ж. 

0 пікір